Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,
Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.
Аз өмірді ақындық жолға бердім,
Лепес қып түкірген соң молда Мұқан,
Қаламды шын беріліп, алдым берік,
Әлде қандай бір күшке көңіл сеніп,
Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім,
Енді оған өлең жазу болсын серік.
Бірдей ме сабақ берген барлық молда,
Ант берем, алуан түрлі деймін олла.
Денеден-ақ көрініп тұрған жоқ па,
Саусақтың алалығы біткен қолға.
Әкемнен «Әліп-биді» үйде оқыдым,
Үйреніп намаз сабақ жат тоқыдым,
Әлі молда алдында дәл екі жыл
Әртүрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.
Ғылымның орны бас пен көкіректе,
Бүйір шығып, қампия тоймас қарын.
Мұқаннан екінші жыл сабақ алам,
Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң.
Лепес қып өзі бастап, «ақын бол» деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған.
Сондықтан бір мақсатым өлең жазу,
Оқуменен бірге іздеп, қоса қазу.
Осы ойыма өткен түн серт берілді,
Менде болмас бұл ойдан өмірде азу.
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам
- ramuk_b
- 7 желтоқсан 2018
- 1597
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері, Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ұқсас жаңалықтар:
Ақбаланың тоқтысы
Ақбаланың байынан қалған, көнетоз арбасы бар. Жесір қатынға байынан қалған қай нәрсе ыстық емес. Әсіресе, арбасы ыстық. Қалтай өзі тірісінде де...Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй....Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі
Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы...Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Кім білсін, қандай екен ішкі сырын. Әдепсіз, молда алдында тасыраят, Біле алмай отыруды әнтек қырын....Мұсабек Байзақұлы
Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.