Ат - жігіттің майданы,
Қылыш - жанның дәрмені,
Өлім - хақтың пәрмені.
Атақты ермен бірге өлсе,
Жігіттің болмас арманы.
Өте шыққан қызыл гүл -
Бұл дүниенің жалғаны.
Аспандағы бозторғай -
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын
- Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы.
Айланбастың Алатау -
Баурында болар саясы.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сөйлер де көп тыңда
Хас асылдың баласы.
Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ
Көгінде жатып көркеймес,
Ортайса көлдің қоғасы.
Аруана мая күңіренер,
Бауырынан өлсе баласы.
Суға жүзген нән балық
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе көлдің сағасы.
Атадан қалған сауыттың
Шығыршығын тот басар,
Жыртыла тозса жағасы.
Ат - жігіттің майданы
- ramuk_b
- 16 қараша 2018
- 1810
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ат жігіттің майданы өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері, Махамбет Өтемісұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Аға, іні туралы мақал-мәтелдер
Алпысқа келгенде, Алты ағаң болсын. Жетпіске келгенде Жеті інің болсын. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет....Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі өзен, Талсыз болар деймісің. Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің....Жағалбай деген ел болар
Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар. Жағалтайдың жағасы Жасыл да байтақ ну болар....Естірту
Асқар, асқар, асқар тау, Асқар таудың басына Балапан ұшып шыға алмас. Сұңқардан қыран құс болмас, Соқтасы қатпай аң алмас....Қанағат туралы мақал-мәтелдер
Жоқты бар десең – құт болар, Барды жоқ десең – жұт болар. Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.