Атамның қонған қонысы
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын қонысы.
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда өскен бай-балаң?
Көл қорығын қызғыштай
Сен десе салам бай-балам.
Жайлауыңды көргенде,
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп қайғы алам.
Қилы-қилы заманды,
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай
Шыр көбелек айналам,
Кешегі бір заманда,
Қайран қазақ , қайтейін,
Мынау азған заманда,
Қарасы - антқор, ханы - арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше - тантық , бай - арам,
Бозбаласы - болашақ ,
Қырсыға тудың қыз балаң.
Нары - жалқау кер табан,
Құсы - күйшіл , ат - шабан,
Жырғалаң жоқ , жобалаң.
Ебі кеткен ел болды
Енді қайда мен барам?
Ой, Сандық тас, Сандық тас,
Атамның қонған жайлауы,
Қайнардан суық қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы.
Бал татыған бағланның
Езілтіп етін шайнауы.
Сенің арқаң емес пе,
Лықсытып малды айдауы.
Мынау азған заманда
Сөзіңнің кетіп байлауы,
Келесі биде кезек жоқ.
Қу тиын болып сайлауы...
Басалқа жақсы кеткен соң,
Іс айналып батылға
Ер қайраты қор болып,
Ақыл салды қатынға,
Түзелмес енді іс болып...
Ақжайлау мен Сандықтас
- ramuk_b
- 13 қараша 2018
- 2574
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақжайлау мен Сандықтас өлеңі, Дулат Бабатайұлының өлеңдері, Дулат Бабатайұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі-кезі келгенде тасып та алам, Кезі-кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң....Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым? Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба, сүйіктім,...Көкшетаудан салдырған
Көкшетаудан салдырған Қара үңгір жолдары. Сабантаудан жиылып, Бес сан болды қолдары. Өзің қонған Көкшетау, Кәпір қала салды, ойла....Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Бұлдыраған айналаң ала сағым. Ала сағым ішінде - болашағың, Болашағың болашақ алашағың....Азған елдің хандары
Азған елдің хандары, Тақ үстінде отырғандары. Жарлыдан алып байларға, Сыйлар берсе керек - ті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.