Қылығың қылжаң, туысқан,
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл, батасын,
Мойына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Арам дауға келгенде
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті.
Сөзден кетіп пәтуа,
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр - қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрынғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Ұлғайып пәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді,
Шеше айтса кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне - бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет - бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
Қылығың қылжаң, туысқан
- ramuk_b
- 13 қараша 2018
- 1267
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қылығың қылжаң, туысқан өлеңі, Дулат Бабатайұлы, Дулат Бабатайұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп, Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп. Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп....Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен....Мен сені жүретінмін мақтан көріп
Мен сені жүретінмін мақтан көріп, қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып. Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін, жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің....Өкініш
Толғай да толғай оқ атқан, Он екі тұтам жай тартқан, Қабырғасын қаусатқан, Тебінгісін тесе атқан,...Сөзім барда, көзім жоқ
Сөзім барда, көзім жоқ, Көзім жоқ деп жатпадым. Би мен бекті жақтадым, Бәйбішенің мойына Жырдан алқа таққаным,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.