Ай, Абылай, Абылай!
Қатын алма қарадан,
Қара тумас сарадан.
Қатын алсаң қарадан,
Алды кетпес баладан,
Арты кетпес жаладан.
Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы ер жанды.
Төре берер ұл туса, -
Аузы кетпес парадан.
Мал жинасаң, қойдан жи,
Майы кетпес шарадан.
Ит жинасаң, сырттан жи,
Қойды бермес қорадан.
Аталыдан би қойсаң,
Адаспас жол мен жорадан.
Атасыздан би қойсаң,
Босанбас аузы парадан.
Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алсаң бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан!
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаңды түгел қып,
Төріңде жатып салмақтан.
Төріңде жатып салмақтан
- ramuk_b
- 7 қараша 2018
- 1402
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Төріңде жатып салмақтан өлеңі, Үмбетей жырау өлеңдері, Үмбетей жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Ай, Абылай, Абылай
Ай, Абылай, Абылай, Жеңбеген жауың қалмады-ау, Алмаған жерін аз қалды-ау....Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің
Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің....Көз туралы мақал-мәтелдер
Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады....Жар, әйел, қатын, бәйбіше, өмір туралы мақал-мәтелдер
Түстік өмірің болса, Кештік білім жи. Астыңдағы атыңа сенбе, Қойныңдағы қатыныңа сенбе....Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.