Көкшетаудан салдырған
Қара үңгір жолдары.
Сабантаудан жиылып,
Бес сан болды қолдары.
Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла.
Жарқақ деген жерлерге
Шашылып шеті барды, ойла.
Атбасар мен Қалқотан
Балығы тәтті су еді,
Өнебойын шандып ап,
Сүзекісін салысты, ойла.
Қарқаралы деген тауларға
Қарқарасын шанышты, ойла.
Бетеге мен көденің
Берекесі қашты, ойла.
Көкмұрын деген жерлерге
Қыстауын сонан соқты, ойла.
Жылқының суат суына
Шошқасын әкеп төкті, ойла.
Ұлытау шеті Созақтан,
Созақтан бергі жерлерден
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла.
Нұраның бойы Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан
Тас қорғанды салды, ойла.
Баянаула, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла.
Шүршітпенен құлақтас,
Қырғызбенен жұбаптас.
Ортасында ұйлығып,
Кетпейін десе, жері тар,
Кетейін десе, алды-артын
Қоршап бір алған кәуір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірінен шаншу қадалып,
Сорлы бір қазақ қалды, ойла!
Көкшетаудан салдырған
- ramuk_b
- 7 қараша 2018
- 1175
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көкшетаудан салдырған өлеңі, Үмбетей жырау өлеңдері, Үмбетей Тілеуұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Әділет туралы ұлағатты сөздер
Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бәйгеге,...«Ана тілі – жүрек үні» өзара топ сайысы
Қазақ тілдер мерекесіне орай өткізген 8-9 сыныптар арасындағы «Ана тілі – жүрек үні» өзара топ сайысы....Х, һ дыбыстары
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Дауыссыз х мен һ, туралы білімдерін кеңейту, негіздеу. 2. Дамытушылық: Дауыссыз х мен һ әріптері бар сөздердің мән –...Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Ляззат Нуржанқызы...Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз
Ақылдан асар амал жоқ, батырлар алмас қамал жоқ Ой ойласаң кең ойла, екі жағын тең ойла...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.