Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей немене.
Көтеріліп ұшқан соң,
Қанат емей немене.
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене.
Қамшылатып жүгірген
Шабан емей немене.
Айтқан сөзге түспеген
Жаман емей немене.
Сұрағанды бермеген
Сараң емей немене.
Кісі ақысын көп жеген
Арам емей немене.
Ішің аллаға мәлім,
Сыртыңдағы қулығың
Амал емей немене.
Сусағанда берген су
Шекер емей немене.
Һәммәтсіз ерге біткен мал
Бекер емей немене.
Алыстан қызыл көрінсе
- ramuk_b
- 5 қараша 2018
- 2184
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алыстан қызыл көрінсе өлеңі, Бұқар жырау өлеңдері, Бұқар жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер
Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билік неге керек, Әділдік құрмасаң!...Бақыт туралы мақал-мәтелдер
Өнерлі қол - бақытқа жол. Бақыттыға бақ - дәулет бас көтертпейді. Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл....Су туралы мақал-мәтелдер
Судың да сұрауы бар. Қайнаған қара суда қасиет бар. Сыйласқанның суын іш....Байлық туралы мақал мәтелдер
Бай баласы балпаң, Жарлы баласы — жалтаң. Мал байдікі, Жан құдайдікі....Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.