Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ өтіп,
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Ыңырану боп сөздері,
Шытынап көкшіл көздері.
Елестеп көзіне арманы,
Жетем деп ойға алғаны,
Елдегі қатын-баланың,
Әке, шеше, ағаның
Көрмей, жылап қалғаны.
Міне сондай заманда,
Жау әскері қаланда;
Мал-мүлкіңнен күдер үз!
Ажары тәуір қатын-қыз
Зорлауы мен таланда.
Талай милар бұрқырар,
Саз балшықтай табанда.
Адам күші жетер ме,
Мұнан да әрі жаманға?!
Сондайларды ұялмай,
Қосармысың адамға?...
Больницаға барғанда,
Сай-сүйегің сырқырап;
Кейбіреулер қорқырар,
Кейбіреулер қырқырап,
Дәрігер пышақ салғанда:
Кейлер шыңғырып, шырқырап.
Кейінің ерні кезерер,
Ымдап жұтым су сұрап;
Өкпе тұсы - жан жерден.
Жан тұратын әр жерден,
Кейінің қаны бұрқырап.
Қайғыланып отырар,
Көзден жасы жылтырап...
Соғыстың кесірі
- ramuk_b
- 23 қазан 2018
- 1127
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Соғыстың кесірі өлеңі, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Қыз жібек жыры
Мен сөйлеймін, жарандар, Тыңдап құлақ салыңыз. Аз әңгіме қозғайын Келгенінше қалымыз, Зекетсіз болса пайда жоқ, Қасықтап жиған малыңыз....
Көз туралы мақал-мәтелдер
Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады....
Төріңде жатып салмақтан
Ай, Абылай, Абылай! Қатын алма қарадан, Қара тумас сарадан. Қатын алсаң қарадан,...
Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....
Электр ток көздері. Ом заңы
Қызылорда қаласы, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.