Туған соң анаңыздан шықсаң бірге,
Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде.
Үш жаста талпындыңыз үй ішінде,
Төрт жаста қадам асып жүрдің жерде.
Бес өтіп сонда шықтың алты жасқа,
Лайық баққа біткен қиғаш қасқа.
Жетіде талпындыңыз жүйрік аттай,
Сегізде үкілі шоқты тақтың басқа.
Тоғызда толықсыдың туған айдай,
Ләззатті сөзің тәтті шекер балдай.
Оныңда сан құрбыңнан озып шығып,
Он бірде жайтаңдайсың тұрымтайдай.
Он екіде екпіндедің жүйрік аттай,
Он үште ешнәрсеге жүрдің батпай.
Он төртте алтын тудай айқындалып,
Әлемге мәшhүр болдың жазған хаттай.
Он бес пен он алтыға бастың аяқ,
Он жеті о да тұр ғой жақын таяп.
Уә, шіркін, қыздың күні он сегіз ғой,
Жанымды қияр едім аямай - ақ.
Он тоғыз, жиырмаға бастың қадам,
Күн шалар көк орай басын күзге таман.
Жиырма бір, жиырма екі қалса кейін,
Ілгері сол жасыңнан ұшпас бағаң.
Келетін мұнан соңғы жиырма үш,
Жиырма төрт қалса кейін ол бір таныс.
Немене айтып - айтпай пани жалған,
Артында қала берсе жиырма бес.
Құтқармай жиырма алты о да келер,
Кемуге күн - күн сайын пенде күтер.
Құрысын жиырма жеті, жиырма сегіз,
Жүйрік ат одан асса табады өнер.
Жиырма тоғыз, отыз о да жаман,
Келмейді қайта айналып өткен заман.
Қызықты жас күндерді айтып өттім,
Аяғы осыменен болсын тамам.
Жастық шақтар
- ramuk_b
- 22 қазан 2018
- 1697
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жастық шақтар өлеңі, Ақан Сері Қорамсаұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен....Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі
Отыз бір жыл, отыз бір жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық....Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда? Жарға ойнаған лақтай. Қайда кеттің жиырма бес, Тастан шыққан бұлақтай?...Достарыма
Жиырма бестен артық жас бар ма, Ұйқыдан жаман қас бар ма? Еріншектен жаман нас бар ма, Ойлаңдаршы, ағалар, Шын жарыңнан артық дос бар ма?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.