(М. Ю. Лермонтовтан)
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Кавказдай құзда туған перзенттенмін,
Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін.
Казбектен, ағам, сені көксеп шығып,
Кім қақтықса жолымда күйреткенмін.
Зор кеуде адамзаттың айласына
Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп, айғайласам,
Шын құтырсам шың тасты тербеткенмін.
Аптығып асау інің келді, ақсақал!
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал.
Әкелген бұғы менен маралым бар,
Адамнан тартып алған көп малым бар.
Ер-тоқымы, атымен, қаруымен
Ер шеркесті әкелген амалым бар.
Мұның бәрі — тартуым сізге,— дейді,
Ақылыңды айт, ақсақал, бізге,— дейді.
Бақша, зауат, жайларды қылдым талқан,
Әрбір бай жалдап жатыр жүз кедейді.
Қартаң Каспий қалғыған бойыменен
Терекке көзін ашып үндемейді.
— Азырқандың, білемін, ақсақал шал,
Тентегіңнің сөзіне құлағың сал.
Казак-орыс қатыны бір сұлуды
Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал!
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты.
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қитықсыз араласты.
Теректің сыйы
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 2637
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Теректің сыйы өлеңі, Лермонтов шығармасынан аударма, Абай Құнанбайұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп, Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп. Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп....Айымкүл
Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылды, салмақтысы еді....Кәрі ат
Бір қожайынның керемет жұмыскер аты болыпты. Ат қартая келе күші азайып арбаны тарта алмай, жер жырта алмайтын халге жетеді....Балықшы мен балық
Теңіздің жағасында кемпір мен шал, Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл. Күн көрген бишаралар балық аулап, Болмапты төрт түліктен ырымға мал....Арыстан мен тышқан (мысал)
Ұйықтапты бір арыстан айдалада, Тыныштықтық алу үшін сай-панада. Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.