Сендерменен бір бастым шыңға қадам,
Сендер барда келген жоқ мұң да маған.
Далаң анау талдырған құс қанатын,
Бабаң анау кеңдігін бұлдамаған.
Қайырмасы:
Жылдар қалып, жылдардан озады елес,
Ата даңқы балаға мазақ емес.
Дастарқанын жимаған бабалардың
Жомарт салтын жойғандар қазақ емес!
Қайран бабам, сиремей үйің достан,
Сый болмапты сенің бұл сыйыңды асқан.
Досың түгіл, мына кең дастарқаның
Қасыңа да жатыпты-ау жиылмастан.
Көзіме нұр, ойыма қиял қосқан,
Мекенімді мұңайтсам сүйе алмастан,
Сенен туған ұлмын деп дүниеге,
Қалай тура қараймын ұялмастан?!
Қазақ дастарқаны
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1049
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ дастарқаны өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ақша қар
Ақ уыздай ақша қарды басқан кім?! Баспақ түгіл қарауға мен жасқандым. Ақ қыраудың ақ қылынан тоқылған Ақ шілтері селдірейді аспанның....Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, қар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар-асқар таулардай, Қыс жетіпті тонын теріс аударған....Туған жерге оралу
Әкем сенің төсіңде атын тұңғыш ерттеген, Анам сенің төсіңде тамыр жайып көктеген. Мен де сенен ең алғаш таптым арман өрісін, Сенен ұлы ешкім де...Отырар қамалы
Отырарым, бабам сенсің бас иетін, Анам сенсің терең бүккен қасиетін. Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым, Сенің қайғың - менің керең қасіретім....Тауық тағы таң атпай айқайлады
Тауық тағы таң атпай айқайлады, Тарап кетті тәтті ұйқы балқаймағы. Көзімді ілмей төсекте дөңбекшимін, Түседі де ойыма қай-қайдағы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.