Қасиет көп адамда табынардай,
(шығара алмай қалмаса бағы жанбай),
ең керімі солардың - жат біреуді
сүйіп, жақсы көруі жаны қалмай.
Күйіп-жанып ауырады, сенделеді,
талпынады жан дертін емдегелі.
Сүйте тұра ол жаннан талап етер:
"тиесің, - деп, - сүюге сен де мені!"
Болмаса да о баста еш тірегі,
талмай жақсы көре алар естілері.
Тек адамдар өзінің сүйгенін де
міндет етіп кейіннен тепсінеді.
"Сүйем, жақсы көрмейсің сен неге?" - деп,
сонау сүйіктісіне елден ерек
бойындағы бар харам қылықтарын,
былықтарын көрсетер ең керемет.
Ұмыт қалып сезімнің сағым таңы,
(адамзаттың кешірген сан ұрпағы)...
Басқаға өзі биязы, сүйгенінің
жанын осып, жүрегін ауыртады.
Ақиқатқа күн тумас айла қалмай,
өмірің де қайнаған тайқазандай.
Көк темір де құрышқа айналмайды,
от-жалынға өртеніп қайнап алмай.
Қасиет көп адамда табынардай
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1380
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қасиет көп адамда табынардай өлеңі, Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жан туралы мақал-мәтелдер
Тәнім – жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы....Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай....Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің
Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің....Құпия ғой, құпия адам деген
Құпия ғой, құпия адам деген! Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем, болғандай ем бәрін де көріп, біліп, әлі күнге мен қалай аман келем? Адамдардың...Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.