Ойланып қара, хан сұлтан,
Жолы қандай жақсының.
Үйіңе келген кісіні
Өлтірем деп қожаңдау -
Ісі емес пе бақсының?!
Өрістен ұрлап жегенің,
Сүйек таппай қаңғырған
Жұмысы болар қасқырдың.
Ел қадірін білмейсің,
Хан едім деп қастанып,
Бұқараңа қас қылдың.
Жарлының ұрлап жалғызын,
Шығармай қырға аш қылдың!
Хан емессің, қиықсың,
Қалың елді айдап жеп,
Теріңе зорға сыйыпсың.
Ұры-қары зұлымның,
Бәрін өзіңе жиыпсың.
Жанға жауап ьермейтін,
Дүлей мылқау сияқты,
Қиял мінез тұйықсың!
Дүниені жұтса тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсын!
Басшылық жоқ халықта,
Аққан судан сұйықсың.
Судан да сусын қанады,
Оппа балшық сықылды,
Жұтқыш лай былықсың!
Ел құмарын тарқатып,
Бір шешпедің түйінді.
Не деп айтып мақтаймын
Төре-қара биімді.
Хан ордадан топырлап,
Тарап жатқан елің жоқ,
Көр қылдың орда үйіңді,
Ашулансаң, хан Тезек,
Өлтірерсің Сүйінді.
Сүйінбай ақын өлген соң,
Көрерсің Тезек қиынды.
Шапырашты тентек ел,
Шығармай ма мыйыңды?
Қалың қазақ жиылып,
Бет-аузыңды қан қылып,
Бермей ме сөйтіп сыйыңды?
Сұраншы бастап аттанып,
Қарасай ұран шақырып,
Қызыл қанды сапырып,
Кетірер бастан күйіңді!
Тезекке тепсіну
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 1673
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тезекке тепсіну өлеңі, Сүйінбай Аронұлы өлеңдері, қазақ ақындары
Ұқсас жаңалықтар:
Әкеме
Сертінің ұрлап қара атын, Жазықсыз киып қанатын, Жапанда жаяу қалдырып, Жайым жоқ қарғыс алатын. Ел арасын егер қып, Ойым- жоқ шұрқан салатын....Сарыарқаның жаңбыры
Көп уақыт жаңбыр көрмей, қурап, күйіп, Жоқ еді Сарыарқада көрер сыйық, Шөлдеген сол қатарда жан - жануар Аузына тұра алмаған тілі сыйып....Қасқыр туралы мақал-мәтелдер
Қасқырдың аузы жесе де – қан, Жемесе де – қан...Өзімді жүрегіңнің есі қылдың
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың, бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым. Өзіңді мен де оңаша қиялдадым, жаным деп жүрегімнен күй арнадым....Онегиннің өлердегі сөзі
(А. С. Пушкиннен) Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.