Орман міні,
Мұның да үні
Кейде жұмсақ, кейде шу.
Кейде тынық,
Кейде сұлық,
Кейде дауыл гу де гу.
Қалың орман,
Ойға толған,
Тұнжырайсың иіліп,
Еңбек сырлас,
Сәулем құрдас,
Әр рудан жиылып.
Жоқ бір қалып,
Кейде ырғалып,
Сен де көлше шулайсың.
Басты шайқап,
Желді жайпап,
Аласұрып тулайсың.
Аппақ қайың,
Қарағайың
Қосылыпты табысып.
Сұлу терек,
Жасыл желек
Құшақтасып қабысып.
Кейде қыбыр,
Кейде жыбыр,
Кейде жұмсақ желбіреп.
Көйлегің көк,
Өрнегі көп,
Құлпырады елбіреп.
Сұлу терек,
Жасыл желек,
Сәулем, саған не керек!
Биік бойың,
Кімде ойың?
Жібек желге аш қойын.
Аппақ кайың,
Бұл не жайың,
Жасарасың жыл сайын?
Аппақ қайың
Қалқатайым,
Мас қылады иіс майың?
Ақ көйлекті,
Сұлу текті,
Жасыл шашақ желекті.
Ырғаласың,
Бұраласың,
Көзді қайда саласың?
Қарағайым!
Жұпар майың,
Жібек желмен аңқиды.
Жұпар шаштың,
Көкірек аштың,
Мас болып тән балқиды.
Мас қылады,
Жас қылады
Жұпар исің жүректі.
Дертке дәрмен,
Тасқын әлмен
Жігерлейсің білекті.
Орман
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 3080
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Орман өлеңі, Сәкен Сейфуллин өлеңдері, Сәкен Сейфуллин
Ұқсас жаңалықтар:
Жеңісім
Кейде адаммын, Ал, көбіне пендемін, Құдай болмай, Кейде сезім – сенгенім. Іздегенде інілікке ізгіні, Қас қылғандай таптырмайды емге мін....Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,...Қыс
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп, Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп, Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап, Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып,...Онегиннің сипаты
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген. Нанасың не айтса да, амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген....Орман ғажайыптары (ғылыми жұмыс)
Шығыс Қазақстан облысы, «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «б» сынып оқушысыХамзаев Бағлан Толеуахметұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.