Болашаққа хат
Болашақтағы өзімді қиял әлемімен елестетер болсам, мен білімді азамат болғанмын, армандарым біртіндеп орындалып жатыр екен, шамамен 20 - 22 жылдан соң жерде екі жүздік ғимараттан парашютпен биіктікпен секіріп қалықтап жүрмін. Содан соң әлемдегі танымал жерлерді аралап, соңынан Дубайға барғанбыз. Ол жерде жалғыз емес, отбасыммен бірге болып, талай қызықтарды тамашалап, ғарыш әлемімен де танысып, әр елдің өз ерекшеліктерін зерттеп, шет елдерде сапар шегіп болған соң, өзімнің туған өлкем, туған жерім, өз ата-мекенім Қазақтан Республикасына оралғанмын. Өз елімде адал қызмет жасап, елімді көркейтіп, сәнді, биік - биік ғимараттар салғанмын. Кейіннен өзімнің бала кездегі арманым Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына еніп, полиция қызметіне кіріп, елінің амандығын, халқының тыныштығын ойлайтын генерал болып, сол жерден зейнетке шығып бара жатыр екем...
Бақтыбаев Әділжан
Менің қиялға толы әлемім
Мен болашақта жер дүниені аралап көргім келеді. Әсіресе, Ресей, Үнді, Шет елдерді аралап, зерттеп саяхат жасағым келеді. «Көп білгеннен емес, көпті көргеннен сұра» деген дана халқымыз, көпті көрген дана ғұлама адам болғым келеді. Тылсым дүниелерді, табиғат сырын зерттеп, ашылмаған құпияларға тәжірибе жасап, аралаған елдерімдегі жоқ заттарды, ұшатын үйлер, ғажайып глобустар жасап әр кезде жаңалық ашып жүретін ғалым болғым келеді.
Искулова Дильназ
Болашақтағы арманым
Менің болашақтағы арманым биші болу. Менің арманымды ата - анам да қолдайды. Мен көз алдыма болашақта өзімнің жасөспірім балаларға би сабағынан беріп жатқанымды елестетемін. Мен бірнеше жылдардан соң атақты биші болып шығатыныма сенімдімін. Менің бала кезімде биден берген ұстазым Жансұлу апай бізге көптеген билер түрін үйретеді. Мен сол кісіден үйренгендерімді өз оқушыларыма да насихаттап жүр екенмін. Елестетіп көрсем тура шыңдалған кәсіпқой биші секілдімін. Байқаулардан алған жүлделерім жетіп артылады екен, тәжірибем молайған сайын, менің би өнеріне деген құштарлығым арта түсуде. Мен би өнерін жақсы көремін.
Есберген Ақмаржан
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінің
№1 Шұбарқұдық мектеп - гимназиясы 4 а сынып оқушыларының
«Бала қиялына саяхат» үйірме жұмысының шығармашылығынан
Бала қиялына саяхат - үйірме жұмысының шығармашылығынан
- aiboll
- 17 желтоқсан 2016
- 18578
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Болашаққа саяхат, шығарма, бала қиялы, менің қиялға толы әлемім
Ұқсас жаңалықтар:
Сәби болғым келеді
Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған....Менің арманым (шығарма)
Менің де өз арманым бар. Менің арманым ата - анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп армандарым орындалады деп сенемін....Менің әжем
Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің...Болашақта кім болам? (Бәйге қатысу шығарма)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай селосы, №3 орта мектеп оқушысы 4 а сынып оқушысы Абухайр Нұршат жалғасбайқызы...Отан
Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебінің 4"Б" сынып оқушысы Орманова Дана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.