Сайтқа кіру Тіркелу

Сәбіз және оның адам ағзасына пайдасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Сәбіз және оның адам ағзасына пайдасы»
Бағыты: Жаратылыстану
Орындаушы: Пирназар Нұрсұлу Рустамқызы
Сынып: 2 «Ә»
Аудан: Мақтарал
Облыс: Оңтүстік Қазақстан
Оқушының жетекшісі: Полатова Айгүл Жамантайқызы
Жұмысты орындаған уақыт: 2015 жыл

МАЗМҰНЫ:
1. Пікір
2. Аннотация
3. Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Сәбіздің адам ағзасына пайдасы.
ә) Сәбіз шырының пайдасы.
б) Сәбіздің сорттары.
в) Сәбізден жасалатын салаттар мен тағамдар.
г) Сәбіз туралы тақпақтар.
д) Сәбіз туралы жұмбақтар.
е) Оқушының күнделік дәптерінен.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Сәбіз барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді). Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15 — 20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Дамудың алғашқы кезеңінде жарықты өте қажет етеді. Өз уақытында арамшөптерден отап, сиретпесе жақсы өнім бермейді. Басқа өсімдіктерге қарағанда құрғақшылаққа төзімді. Бірақ өз уақытында ылғалды беріп отырса, жақсы өнім береді. Егер ылғалда көп уақыт тұрса, өнімге зиянын тигізеді, ауруға шалдығады.
Сәбіз – сабағының бойы 1 метрге дейін жететін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбіз Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні – тұқымы күз кезінде жинап алынады.
Сәбізді қарашіндісі мол, батпағы жоқ, құмды топырақты жерге егу қажет.
Оның тамыр – жемісінің құрамында көптеген дәрумендер бар. Сәбіз құрамында қант, ақуыз, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар.[1] [2]
Сәбіз – негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60 - қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл - сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Көптеген кітаптарда сәбізді тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×