Жалағаш ауданы, Мардан Байділдаев атындағы
№232 орта мектептің
9 «б» сынып оқушысы Жәмет Айдос
«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»
«Мен өмірді қалаймын»
Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар.
Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру керекпіз. Егерде жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп аламыз. Қазіргі кезде, жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл жастардың бойында тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл негіз, біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы - бұл тәрбиенің отаны.
Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет
Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан кемеңгер сөз атасы Ұлы Абайдың «Атаның баласы болма адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек адам деген «ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.
Күннің шуағынан, жылуынан сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал қараңғыда осының бәрінен мақұрым болған қурап, суалған гүлдің келбеті қандай?
Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе оны ешбір дәрігерде, емші де емдей алмайды. Ендеше ол дегеніміз - адамның өмірімен қоштасуы.
Ұлы Ж. Баласұғұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен.
Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады.
Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата анасын, туған туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар.
«Денсаулықты сақтай білу де өнер»- деп. Менің ойымша бұл өнерде ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын еске сақтайық!
Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа!
Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын,
Ұмыттырар әке түгіл анасын.
Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп,
Ей, жастарым қайда кетіп барасың?
Аздыратын бұл адамның тірлігін,
Қызығында білдірмейді өмірдің.
Қайта айналып келмейтұғын бір күнді,
Өз мәнінде бақытты ғып өткізгін!
Есірткіден бойды аулақ салайық,
Салауатты өмір салтын қолдайық.
Ей жастарым жат қылықтан аулақ боп,
Дені сау адам болып шаттанайық!
Еліміздің біз жастары келешегі,
Жалғасымыз бабалардың кешегі.
Болашаққа жаңа қадам бастайық
Жарқын елдің келешегі біздер болып!
«Мен өмірді қалаймын»
- Айдос
- 27 қазан 2015
- 10772
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен өмірді қалаймын атты сайысқа жарияланған өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын
Есірткі шеккендер өз - өзіне үлкен күнә әкеледі....Мен өмірді қалаймын!
Салауатты өмір салтын ұстайық Есірткімен күресті біз бастайық Сананы улап, құртатұғын өмірді Нашақорлық, есірткі - бұл қастандық...Нашақорлық ғасыр дерті
Нашақорлық тағдырына айналғандай адамның, Жас ұрпақтың болашақ тағдырына алаң кім? Өзгертеді, өксітеді өмірін наша адамның, Жас ұрпақ тек салауатты...Есірткіден аулақ болайық, ағайын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп - лицейдің 7 - Б сынып оқушысы Ешмұратов Бекзат...Салауаттылықты қолдаймыз
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының өзін - өзі тану мұғалімі Шарипбекова Айгуль Жунисалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.