Сайтқа кіру Тіркелу

Домбыра (ғылыми жоба)

КІРІСПЕ
Мақсаты: Домбыра – қазақтың музыкалық мәдени тарихында пайда болғанын және халық арасында кеңінен таралған көне аспаптардың бірі екенін зерттеп анықтау.

Міндеті:
1. Домбыра туралы ақпараттарды жинау.
2. Интернеттен дерек көздерін қарастыру
3. Жинаған ақпараттарды сараптау, нақтылау.

Аспаптың шыққан жерін анықтау мүмкін емес, ал оның таралуын және дамуын археологиялық, этнографиялық зерттеулер ХХ ғасырдың 30 жылдарында жүргізе бастады. Сонымен қатар көптеген музыка зерттеуші ғалымдар, фольклористер және лингвистер қазақтың музыкалық өнерін теориялық тұрғыдан зерттеген. Атап айтқанда: Әл - Фараби, А. Затаевич, А. Жұбанов, Әл - Машани, П. Аравин, С. Аязбекова, Б. Ерзакович, Б. Сарыбаев, Б. Аманов, Т. Әсемқұлов, Б. Байқадамов, Б. Ғизатов, С. Елеманова, Ү. Жұмақова, С. Жансейітова, А. Есенұлы, Х. Жүзбасов, Ж. Бабалықұлы, А. Жайымов, Б. Қарақұлов, С. Қасқабасов, Н. Кетегенова, С. Күзембаева, Б. Қобланов, Т. Мерғалиев, Ә. Мұхамбетова, А. Омарова, А. Райымбергенов, А. Сейдімбеков Н. Тифтикиди, С. Өтеғалиева, П. Шегебаев және т. б.

Домбыраның эксперименттік зерттеулерімен және ішегінің материалының физикалық қасиеттеріне байланысты акустикасын, шанағы мен қақпағының ағашын және аспаптың құрама бөліктерін, сондай - ақ геометриялық өлшемдерін зерттеумен А. Жұбанов, Б. Сарыбаев, Б. Байқадамов айналысқан. Өкінішке орай, кезінде жарық көріп жарияланбағандықтан Б. Байқадамовтың жүргізген эксперименттері бойынша деректер жоқ.
Түрік музыкалық аспаптарының тарихи мағлұматтарын, қазақ домбырасының тарихын, домбыра өнерінің салтын баяндауға арналған. Домбыраның құрылуы мен оны дайындауға арналған материалдар жөнінде кеңінен әңгіме болады. Сонымен қатар домбыраның эталондық, стандартты және халықтық үлгілерін мысалға келтіріле отырып, олардың геометриялық және физикалық параметрлері сипатталады. Мұнда қазақ музыкалық мәдениеті және аспаптану саласындағы зерттеулерге қысқаша шолу жасалған.

Қазақ домбырасының музыкалық бұрауларының (құлақ күйі) проблемасы зерттеледі. Басында музыкалық бұраудың теориясының негізгі жағдайлары (пентатоника, диатоника, пифагорлық бұрау, таза бұрау және он екі дыбыстық тең бұрау) қарастырылады. Домбыраның дыбысы оның құлақ күйін анықтайтын екі ашық ішектің тонының биіктігіне сәйкес келетін музыкалық интервалына байланысты. Әр түрлі домбыралардың мойнында пернелердің қалай байланғанын талдау арқылы олардың құлақ күйін және музыкалық бұрауының тазалығы зерттеледі.

Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық - фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Домбыраның тарихы
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі - аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×