Сайтқа кіру Тіркелу

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі Ғылыми Техникалық Революцияның (ҒТР) дамуында қолданыстағы ұялы телефонның маңызын зерттеп, оқушының пайдалануына ұсыныс жасау.
Жұмыстың мақсаты: Ұялы телефонның пайдасы мен зиянды жақтарын зерттей келе оқушылардың пайдалануға рұқсат етілуіне ұсыныс білдіру.
Міндеттері:
Ұялы телефонның шығуы жайлы мағлұмат беру;
Ұялы телефонның түрлері, қолданылуын білу;
Ұялы телефонның адам өміріндегі маңызын зерттеу;
Ұялы телефонның адам өміріндегі зиянын зерттеу;
Ұялы телефонды оқушының пайдалану жайлы ұсыныс беру.
Болжам: Егер оқушылар ұялы телефонның пайдалану ережелерін сақтаса, оның адам ағзасына әсер ететін зияны төмен болуы мүмкін
Кіріспе:
Ұялы телефон қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған. Ұялы телефонның дамып кеткені соншалықты, кез - келген адам ұялы телефонсыз жүре алмайды деп те айтуға болады. Жұмыста, сабақта, серуендеп жүрсе де адам үшін қажетті затқа айналған, алайда ұялы телефонның адам денсаулығына пайдасы ғана емес, зияны бар екенін1 де ұмытпау керек. Сол себептен мен үшін осы тақырыпты таңдап, талдау өте қызықты мәселе болып саналды.
Негізгі бөлім.
Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. 1875 жылы Бостон университетінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Бұл жаңалық тарих бетінде телефон деген атпен қалды.

Арада 1 ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдан басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің Нью - Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қонырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1 килограммнан артық тартатын.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналады.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жай ұялы телефон, Смартфон, Ұялы, бейнетелефон

Жай ұялы телефонда қонырау шалу - қабылдау, СМС, соңғы кездерді фото - бейнекамера, интернет, ММС, Блютуз деген сияқты функциялары бар. Уақыт өткен сайын функциялары да көбейіп барады.
Смартфон құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялары бағдарлама ретінде жасалынған. Мұнымен қатар өз бағдарламаларды қосуға болады. Мысалы, ойын, шолғыш т. с. с. Сол себебті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылығы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.

Пішініне қарай ұялы телефондар бөлінеді:
Моноблокты, Жайылмалы, Сырмалы сенсорлық телефон.

Ұялы телефон жасаушы компаниялар оның сирек мүмкіндіктерін меңгере отырып, жаңа түрлерін ұсынады. Бірақ оның жаңа әрекеттерінің пайдасын әркім біле бермейді. Оның адам ағзасына зиянды болуы мүмкін. Одан бірнеше уақыт аралығында өмір бақи жазылмас ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан оның адам ағзасына жағымды және жағымсыз жақтарын, оның қолданудың ережелерін және шектеулі уақытын білу керек.
Қазіргі уақытта ұялы телефон балада да, жасөспірімде де, үлкендер мен қарттарда да бар. Өзіміздің мектебімізде де әр сыныптарда оңы барлығы қолданады, себебі ол қазіргі заман талабы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Перзентханаға керекті заттар тізімі

Перзентханаға керекті заттар тізімі

Аяғы ауыр келіншек осы арманның шын бақыт екенін түсінетін де болар. Олар үшін ең маңыздысы − бала денсаулығы мен күтімі....
Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі

Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі

Телефоныңызды бір минутқа да қолыңыздан тастай алмай, қайта - қайта хабарламаларды тексере беретін болдыңыз ба? Бұл мақалада осы дерттен арылуға...
Теледидардың пайдасы мен зияны

Теледидардың пайдасы мен зияны

Сабақтың мақсаты: Теледидардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет беру. Оқушылардың теледидар туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,...
«Ертегі ханшайымы қонақта»

«Ертегі ханшайымы қонақта»

Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...
Ғылыми жоба

Ғылыми жоба "Менің мысығым"

Үйге мысық асырап алу үлкен жауапкершілік. Мысықты анда - санда сипап, оған тамақ бере салумен оның алдындағы жауапкершілік аяқталды деу үлкен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×