Сайтқа кіру Тіркелу

Маңғыстау

Маңғыстау түбегі – халық жадында, оның фольклорында, сондай - ақ мыңдаған тарихи және археологиялық ескеркіштерінде сақталып қалған көп ғасырлық тарихы бар өлке. Шөл даланың шексіздігі теңіздің шексіздігімен астасып жатқан бұл қатал өлкені ежелден бері ауыр климат жағдайынан да, мыңдаған шақырымға созылған арақашықтықтан да сескене қоймайтын адамдар мекендейді. Бұл – ежелгі өркениеттің мекені, археологиялық қорық, мемлекет қорғауына алынған 11мың тарихи ескерткіш сақталған мұражай, жартасқа салынған суреттердің елі.

Маңғыстауда көнермейтін мәдени маңызы бар тарихи және сәулеткерлік ескерткіштер мол сақталған. Олар, негізінен, мемориалдық қабір басындағы құрылыстар – құлпытастар, қойтастар, ұштастар мен олардың бір - бірімен үйлесуі және діни ғимараттар – мешіттер. Маңғыстаудағы «360 әулиенің өлкесі» деп бекер атамаған. Бекет ата, Қараман ата, Шопан ата, Шақпақ ата мешіттері танымдық туризмнің нысаны болып қана қоймай, мыңдаған адамды тарихи және діни көздермен таныстыратын діни орындарға айналды.

Елсіз жатқан шексіз дала кенеттен материктің тереңінен Каспий жағалауына ұмсына орналасқан түбектің ең үлкен және жап - жасыл коньондарының бірі Сұлтан - епе тәрізді коньондармен алмасып кетеді. осы бір таңғалдырарлық табиғи мекен оңтүстіктің өткір күн сәулесі күйдірген сазды және құмды төбешіктер арасында Құдайдың өзі ұмыт қалдырған шуақты жасыл орамал тәрізді әсер етеді. Олардың арасындағы жіңішке өзекшелер шөл даланың аптап ыстығын елең қылмастан әр түрлі ағаштар мен шүйгін шөпке толған. Долана, қарағаш, жалбыз, көпшілігі осы арада ғана өсетін жергілікті түр болып табылатын басқа да ондаған өсімдік түрлері шөл дала түпкіріндегі осы оазистің тіршілігінің көзі болып отырған көптеген бұлақтар мен жылғалардың арқасында өсіп тұр. Коньон іші онда тұнып тұрған тыныштықпен үйлесімді аккомпанемент құратын, қалжыраған жолаушыны аңсай күткен демалысқа шақыратын құстардың сайраған үніне толған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Әулиелер мекені – Маңғыстау

Әулиелер мекені – Маңғыстау

Отан, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын...
Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің тарих - география пәнінің мұғалімі Жолдасова Эльвира Берлесқызы...
Маңғыстау - менің мекенім, Отпантау - Адай ата кесенесі

Маңғыстау - менің мекенім, Отпантау - Адай ата кесенесі

Мақсаты: Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып, ғасырдан - ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани - адамгершілік...
Орал қаласының мұражайларына саяхат

Орал қаласының мұражайларына саяхат

Сабақтың мақсаты: Орал қаласында орналасқан мұражайлар туралы түсінікті қалыптастыру. Міндеті: Білімділік: Сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін ұғуға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×