Сайтқа кіру Тіркелу

Түйе малының қазақша атауларының ұлттық-танымдық сипаты

І Кіріспе Мал атауларына жалпы сипаттама
ІІ Негізгі бөлім
а) Түйенің пайда болуы туралы қысқаша түсінік
б) Түйенің топ - түрлеріне байланысты атаулар
в) Түйе атауларының бөліктері
г) Түйенің ортақ атаулары
з) Түйе туралы мақал - мәтелдер ерекшеліктері
и) Мал туралы айтылатын ортақ атаулар
ІІІ Қорытынды
Елдің көркі - мал,
өзен көркі - тал.
Кіріспе
Египет пен Аравиядағы жер асты қазбаларынан табылған құм ыдыстарға, тастарға салынған түйе суреттері мен тастан қашалған осы түліктің мүсіндерін зерттеген ғалымдар, олар біздің дәуірімізден бес мың жыл бұрын жасалған деп дәлелдеген.
Ендеше түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.
Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе). Қос өркештің таза қандысын - бактриан, нардың таза қандысын - дромадер деп атайды. Ал бактрианның биіктігі (өркештің арасынан) 178 см, тұрқы 158 сантиметрдей, жүні қара қоңыр, дромадердің биіктігі (шоқтығынан) 210 см, тұрқы 155 сантиметрдей, жүннің түсі қызыл сұр келеді.
Жасында жақсы бағылып, күтілген түйе қыстық азығын денесі мен өркешіне жияды. Қыста ұзақ шөп жемей, су ішпеген кездерінде сол бойындағы жинаған майымен күнелтетін де қасиеті бар. Күші жағынан ол ат пен өгізден әлдеқайда мықты.
Боталы түйе күніне он екі рет сауылады. Түйенің сүтінен шұбат ашытылады. Ол адамның денсаулығына бірден - бір пайдалы. Түйе жүні сәуір, мамыр айларында күзеледі.
Түйе ботасын он бес, он сегіз ай емізеді. Екі жылда бір - ақ рет боталайды. Бұл күндерде алдыңғы қатардағы жеке қожалықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде түйені үш жылда екі боталайды. Асыл тұқымды түйе отыз - қырық жасқа дейін жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×