Сайтқа кіру Тіркелу

Райқұл Саяттың өлеңдері

Елбасым – мақтанышым
... 91 - де, желтоқсанның 1 - інде,
Бүкіл елім жүзі жанып күлімдеп,
Үміт артып, бата беріп, үкілеп,
Отырғызды өз ұлдарын төріне.
Нұр - ата, сен елбасы болған едің,
Қазағыңды, еліңді ойлап едің.
Еске оралды Астанаға барған сәтім,
«Бәйтерекке» қолымды қойған едім.
Ырым еттім өзіме қолды қойып,
«Қасиетті елбасым қол қойды» - деп.
Мақтанышым кеудеме сыймай тұрды,
«Бәйтеректей» болғандай еңсем биік.
Елі үшін сапар шеккен жырақтарға,
Көшбасшым боп жүре бер, құлап қалма!
Жұртыңмен орнатқансың жұмақ қала,
Жетерміз біз асқақ, биік мұраттарға.
Елің бар «қазақ» деген берекелі,
Тойлаймыз елбасымен мерекені.
Әр ұлттың өкілдері жерімізде,
Бірлікті әрқашан да ту етуде.


Астана
Ардақты Астанамды араладым,
Жүрегімде жыр кернеп барады ағын.
Астана – арман қала, асқақ қала,
Мен оны «бақытым» деп бағаладым.
Астанаға қуанам келгеніме,
Азаттығын, ғажаптығын көргеніме.
Нұр менен жыр құйылып жүрегіме
Қимай қайтып барамын елге міне.

Қазақстан
Қазақстан, тұғырың биік екен,
Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
Алла қалап, мен үлкен болғанымда
Тұғырыңды одан әрі биік етем.

Жасай бер, Жер Ана!
Жасай бер, мәңгілікке анам жерім,
Сипаған маңдайымнан самал желің.
Жер ана жасай берші, біз тұрғанда,
Біздер ғой ұл - қыздарың балаң сенің.
Жасай бер, жер анашым, мәңгі жаса!
Қадірі көзден ғайып, болды таса.
Жер ана сұрай қалсаң, егерде сен,
Берер ем тәнімменен жанды қоса.
Жер ана табиғатың сұлу қандай,
Әдемі Туған жерім, гүлің сондай.
Тұрғанда әсем, сұлу табиғатың,
Кетейін, мен не үшін құлың болмай!
Туған жер мәңгілікке құлың болам,
Құрметтер сені қызың, ұлың, балаң.
Біз барда жетімсіреп қалмайсың сен,
Туған жер арналады жырым саған.

Тілім менің
Тіл өткір қылыш, тас жарады,
Тас жармаса, тілменен бас жарды.
Тіл – адамның мәңгілік сөз қаруы,
Тілменен шешендікті басқарады.
Тіліңді бәрінен өткір деген,
Тілің барда азапты шектің неден?
Тілімді құдыретті, қасиетті
«Тәлімгер, тәрбиеші» деп, пір көрем.
Тәттісің тілім менің, барлық заттан,
Тілсің ғой, қуантып я қор қып жаратқан.
Тәттің, ащың – екеуің қатар жүрген,
Тілімсің дүниені шам қып жаққан.

Ақ бата
Қарт кісілер айтады ақ батаны,
Ойының тереңіне көп батады.
Батаны тыңдап отырған адамдарға,
Ақсақал сонда былай тіл қатады.
«Е, шырағым аман болып жүре бергін,
Ортаңда мәңгі ойнап күле бергін».
Деді де сөзін былай аяқтады,
«Мен саған осыларды тілегенмін».

Агент
Бұл өмірде агент деген басталды,
Күні - түні арбайды ол жастарды.
Ғаламтордың жастар түсті торына
Сол агенттің шарабына мас болды.
Кетіреді агент деген салды суға
Сол агентке құмар ғой барлығы да
Бұл агенттен қалайша құтыламыз
Ауру болды жастардың барлығына.
Агентте күні - түні отырады,
Солайша әрбір таңды атырады.
Сондықтан жастарымыз іс істемей,
Ата - анасын уайымға батырады.
«Агент» деген бұл күнде жастар әні,
Сонымен өзге елдерден дос табады.
Бәрібір агентке кіреді олар,
«Кірме» - деп айтсадағы басқалары.

Ұстаздар
Ұстаздар шәкірттерін оқытады,
Көп нәрсені санасына тоқытады.
Ұстаздың шәкіртіне айтатыны:
Тек қана «Оқи бергін, оқы тағы».
Мұғалімдер - ұстаздар бұл өмірде
Жеткізген шәкірттерін мына күнге.
Шәкіртін білімменен сусындатқан,
Қарызбыз барлымыз мұғалімге.

Жаңа жылда
Сықырлаған қыс бізге келіп қапты,
Даламызда қар борап жауып жатты.
Тойлайықшы, бәріміз бірігіп ап,
Жаңа жыл да өңірге таяп қапты.
Аппақ болып оранды дала қарға,
Қызығына көз тоймай қарағанда.
Жаңа жыл келіп қалды біздің жаққа,
Әлі талай жаңа жыл болады алда.
Дәл осылай жаңа жыл бола берсін,
Көгімізден ақ қары жауа берсін.
Жасыл шырша маңына Аяз ата
Бір сыйлығын біз үшін ала келсін.

Наурыз
Наурыз – қыздар мерекесі,
Кіреді елдің берекесі.
Үлкен әйел - аналарға,
Сыйлық берер ел әкесі.
Наурыз бізді қуантады,
Даламызда шу артады.
Үйімізде ана – әпке,
Апаларым жүр арқалы.
Қуантады бәрімізді,
Жасымызды, кәрімізді.
Көктем айы – Наурыз келсе,
Жайнатады жанымызды.
Шаттанамыз біз бәріміз,
Даламызда ақ қарымыз.
Ериді де суға айналып,
Нұр боп ағар сай - сайларға.
Қуанады қыздарымыз,
Қуанады ұлдарымыз.
Бір Алланың біз бәріміз
Үміт артқан ұланымыз.

Толағай
(Ә. Тәжібаевтың «Толағайынан» соң)
Саржан деген бір кісі болып ерен,
Айсұлудай әйеліне халық елең.
Айсұлудың айы жетіп, бір ұл туды
Тойлады қуанышты бәріменен.
Халық ұлға есім берді «Толағай» - деп,
Осы бала бір балуан болады - ай деп.
Төрт жаста он баланы көтергенде,
Таң қалды халық көзі шарадай боп.
Жеті жаста әкесімен аңға шықты,
Толағайды көрген соң жау қашыпты.
Бір жебені садақпен атқан кезде,
Сол жебесі қыруар аң шаншыпты.
Екеуі түнеді сонда тал түбіне,
Бір кезде сытыр етті сәл бірдеңе.
Сол сәтте жолбарысты көрген кезде
Қорқақтап, үрейленіп қалды дене.
«Баламды тұрғызбайын» деп,
«Тәтті ұйқысын бұзбайын» деп,
Әкесі Толағайды оятпады,
Дәу жолбарыс бұларға таяп қалды...
Сонда ғана «Өлдім, балам!» - деді,
Толағай тұрып оған: «құтқарам!» деді.
Сөйтті де, жолбарысқа қарап тұрып,
«Сені қазір өлтіре салам!» деді.
Толағай айналдырды жолбарысты,
Шөптің басы қимылдады желден күшті.
Толағай лақтырғанда «дәу мысықты»
Алып мысық төңкеріле көлге түсті.
Талай күн жаңбыр жаумай даласына,
Халық шулап кетті ғой дәл осыдан.
Апатай, қайда жаңбыр жауады? - деп,
Толағай сұрап білді анасынан.
Толағай барды содан айқан жерге,
Таудың бір үлкен тасын салды белге.
Таудың тасын арқалап Толағайжан,
Ақырында бір күні келді елге.
Толағай сүрініп, құлап түсті жерге,
Арқасында тауы бар артқан белге.
«Апа» - деп айғайлады сол бір кезде,
Толағай қаза тапты дәл сол жерде.
Қарлығаш пен сұм жылан
Қарлығаш ұя салды биіктеуге,
Балапанын қойды сол биікке енді.
Алыстағы әкесі алты ұлдың
Отбасы үшін азықты жиып - терді.
Сұм жылан иісін сезіп балапанның,
Жорғалап қасына енді қара талдың.
Қарлығаш іздеп кетті бір дәуітті,
Ішіне түспеу үшін дәу апанның.
Қарлығаш бір дәуітті танып қалды,
Дәуітті сұм жыланға алып барды.
Дәуіт кеп қос найзасын дайындап ап,
Жыланның қос көзіне салып қалды.
Қарлығаш дәуітпенен достық етті,
Сөйтті де ұясынан көшіп кетті.
Ал жерде сұлап жатқан сұм жыланды,
Кез - келген бала келіп басып кетті.

Көктем
Көктем келіп, жайнатты жанымызды,
Қуантты жасымызды, кәрімізді.
Сағындырып, суық қыс өткеннен соң
Жақсартты бір шамаға хәлімізді.
Қыстағы қар менен мұз жоқ боп кетті,
Бәйшешек, жауқазындар қаптап бітті.
Көк шалғын айналада жайқалыпты,
Балалар ойнап - күліп, шаттаныпты.

Жаз
Жаз келіп, күннің көзі жылынады,
Жайнайды тау, орманы, гүлі, бағы.
Оқу жылын аяқтап оқушылар
Сайрандап, лагерлерде тынығады.
Жаздың сондай ғажайып құла таңы,
Бұлбұл әнін гүлдерге тыңдатады.
Жаныңды жадыратар жаздың айын
Балалардың барлығы ұнатады.
Жаздағы ыстық аптап басталғанда,
Шөлдейді адамдар да, құс, аңдар да.
Аптабы болса - дағы жаз керемет,
Ұқсайтын болғандықтан жас жандарға.

Қыс
Қыс келді даламызды қарға орап,
Ендігі сырғанауға шана керек.
Қыс келіп жапырағынан айырылған
Шыршадан басқа сұлу тал мен дарақ.

Күз
Күз келіп жапырақты қалдырмайды,
Далаға секіріп бір жаңбыр жауды.
Жаңбырменен қосылып бұршақ жауса,
Қорлайды, Жер Ананы оңдырмайды.
Бозторғайдың ерлігі.
Бір бозторғай жемдерін тасып әне,
Бұл оның балаларын асырауы.
Сол кезде шұбар жылан ұяға кеп,
Балапанның дегбірін қашырады
Жем теріп жүрген торғай жаңа келді,
Қауіп төнген ұясын ана көрді.
Балаларын қорғауға ана жүрек
Жыланға айбат шегіп қарады енді.
Бозторғайды жыланға айбат берген,
Қандай жан бұл сұмдықты ойлап көрген
Қарпып іліп, көк бойлап кетті торғай,
Жыланды ұясына бойлап келген.
Тырмысты жылан сорлы жиырылып,
Торғайдан босануға иіріліп.
Тастай салды бозторғай тым биіктен,
Жылан түсті жалпақ тасқа шиырылып.
Бозторғай жасады ерлік баласы үшін
Қауіпке салды басын баласы үшін
Көп болса екен осындай ерліктері
Балалары жасаған анасы үшін!
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×