ҰБТ - ға дайындалу кезінде психологиялық көмек.
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз - өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл - күйлерін қалыптастыру.
Түрі: ойын – сабақ
Құрал - жабдықтар: А4 беттері, психологиялық әуендер, түрлі - түсті фламастерлер
Жоспары:
1. Сәлемдесу. Сұрақтарға жауап беру
2. «Күншуақ» жаттығуы;
3. «Бәйтерек» жаттығуы;
4. «Мен өзіме сенімдімін» жаттығуы;
5. «Сыйлық» жаттығуы;
6. «Тоғай тілегі» қорытынды.
Сабақтың барысы:
Қатысушылар барлығы бір - бірімен сәлемдесіп, мына төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
1. Бүгінгі көңіл - күйін қалай?
2. Өзіңді қалай сезініп жүрсің?
3. ҰБТ - ға дайындығың қалай?
4. Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар?
«Күншуақ» жаттығуы. Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтын суретін салады. Өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазады. Қатысушылардың әрқайсысы өз мақсаттармен таныстырады. Уақыт 10 мин беріледі.
«Бәйтерек» жаттығуында қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа А4 беттері беріліп, «Бәйтерек» жасау керек. «Бәйтеректі» тек А 4 беттерінен жасағанда қайшы, желім т. б. қолданылмайды. Уақыт 20 мин беріледі. Бұл жаттығуда қатысушылардың бір - бірімен қарым - қатынасын, қобалжуын, белсенділігін т. б. сезімдерін байқауға болады.
«Мен өзіме сенімдімін» жаттығу. Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Тақырыпқа байланысты өзіне сенімділігін арттыру үшін, «Мен өзіме сенемін» деп әрқайсысы өз ойларын айтады.
«Көрші» жаттығуы.
Көршіңді оң жақтан құшақтап,
Көршіңді сол жақтан құшақтап,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді
Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып,
Бүгінгі жастар форум барысы
Біз үлкен отбасы деп бір - бірімізге, ойша шын жүректен сыйлығымызды береміз.
Бұл жаттығуда әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінеді, бір - біріне жылу сыйлайды.
«Тоғай тілегі» жаттығуы. Әр қатысушыға жапырақтар беріледі. Жапырақтарға өздерінің тілектерін, ұсыныстарын, ойларын жазып, «Тоғай тілегіне» жапсырады. Соңында жүргізуші сабақты қорытындылайды.
ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек
- Индира Садвакасова
- 2 сәуір 2014
- 26534
- 0
- 40
Ілмек сөздер: ҰБТ-ға дайындық, психологиялық көмек
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушыларының қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету
Мақсаты: оқушылардың бір - бірімен қарым - қатынасын жақсарту, оларды адалдыққа, достыққа, шыншылдыққа, тәрбиелікке үйрету, ұсақ қол маторикасын...«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг
Мақсаты: Тәрбиешілердің табысқа, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру...Жақсы көңіл – күй жан азығы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің педагог – психологы Калмаганбетова Сауле Жумабековна...Біз - біргеміз, берік іргеміз
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...Мамандық және тұлға
Сапарова Жазира Төлемісқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.