Қызықты өткен сабақ. (Оқушы күнделігінен)
Бір күні бізде қызықты күн болды. Айтпайын дегенім, апайымыз Жадыра Файзоллакызы күндегідей күлімсіреп, сыныпқа кіріп келді. Қазақ тілі сабағы болатын. Барлығымызбен амандасып, шаттық шеңберін жасатып, тілек білдірді. Отшашу да шаштық. Бүгінгі сабақта диктант жазатынымызды да айтты. Біздің сыныптың барлық оқушылары диктант жазғанды жақсы көреді. Бәріміз алақайлап қуандық. Бір уақытта апайымыз - Балалар, осы ішік дегеніміз не?- деп сұрақ қойды. Бір мезгілде Ерғазы деген оқушы: - Ол, малдың, адамның ас жүретін ішегі, десе, Арайлым деген қыз бала: - Домбыраның жібі - деп жауап берді. Апай бір күліп алды да, - жарайды, отыра қойыңдар,- деді. Бәріміз де келісе кеттік. Бір мезгілде диктанттың тақырыбы "Ішік" деп аталатынын және ішік туралы жазатынымызды айта кетті. Әдеттегідей апайымыз берілген мәтінді оқи бастады. Біздің түсінгеніміз манағы айтылған жауаптағы ішік - киетін киімге айналғанына аң - таң болып, киін күліп алдық. Сөйтсек ол жануар терісінен иленіп тігілген қысқы киім екен. Білмейтініміз көп екен. Өзіме осы күн қызық болды. осы күлкілі сәтті достарммен бөліскім келді. Достар, сіздер де осындай қызықты сәттерді жазып отырыңыздаршы. Бір күліп алайық...!
Қызықты өткен сабақ
- kunduz.06
- 15 наурыз 2014
- 5384
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызықты өткен сабақ, оқушы шығармасы
Ұқсас жаңалықтар:
Жұбайлар тілегі
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік. Сен алыстан оралғанда үйіңе, Шаңыраққа бірге енеді күн күліп....Рухани жаңғыру. Ұлттық киім-кешектер
Рухани жаңғыру ҰЛТТЫҚ КИІМ - КЕШЕКТЕР...Қысқы киімдер
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін...Көктем келді ауылға
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы: Қуанышбек Құндыз Мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы...Санды көбейтіндіге көбейту
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.