Сайтқа кіру Тіркелу

Көктем келе жатыр ма?

Көктем келе жатыр ма?
Көктем келе жатыр ма көгертем деп,
Көңіл шіркін кеткендей кенет өрлеп
Мен отырмын, Құдайым, береріңді.
Менің балаларыма бере гөр деп.
Көктем келе жатыр ма қуантам деп,
Құдіретті қолдардан қуат өнбек.
Күн қыздыра түседі жартастарды,
Аппақ, аппақ қарларды жоғалтам деп.
Атам айдап өріске боталарды,
«Түйеші қарт»дейтұғын атақ алды.
Бір жылылық кезіп жүр таудың ішін.
Толтырам деп гүлдерге жоталарды.
Көктем келді
Пайда болған кеудемде отты үрледім.
Қой қыратын қайшымды өткірледім.
Көктем шығып келеді қыр басына,
Қызғалдағын көтеріп, көк гүлдерін.
Бір тұрады Әлтайыр бір жығылып,
Асығады кетуге зыр жүгіріп.
Көк аспанда найзағай ойнағалы
Әжептәуір қалыпты күн жылынып.
Қыздырады жотаны күннің көзі,
Боталардың боздауы - мұңды сөзі.
Беткейдегі әртүрлі белдіктерді,
Жасыл шөппен көмкерді көктем өзі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×