Рәміздер мен үшін қасиетті
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата - баба арына!
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі,
Еркіндіктің туын ұстап жоғары
Тәуелсіздік – болар елдің бақыты!
Тәуелсіздік! Қандай рухты, жүрекке жылы, жанға жайлы ұғым!
Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт - азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.
Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен батырларымыз тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығын да, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей ірітіп, қазақ елімнің еңсесін түсірмей жаңа заманға қадам қоя білді.
Қазағым ұлт болып қалыптасқаннан бері көрмегені аз болған жоқ. Жан - жақтан анталаған жау елімді жұлмалап жоқ еткісі келді. Бірақ қай заманда болсын жүрегінде түгі бар ата - бабам қолында нық ұстаған туын, сөз өрнегімен кестеленген әнұранын ешқашан ұмытқан емес. Осындай патриоттық сезімді оятатын елтаңбам, әнұраным, туым бізді рухтандырып, мызғымас тірек болып, келешекке сеніммен қарауға үміттендіреді.
Тарих атты қарт қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Еліміздің ұлы тарихына, ата - баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымы қиылып, осындай жарқын өмірді сыйлағаны үшін әрдайым тағзым етуіміз керек. Сонымен, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойымызда бойтұмардай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болуымыз керек.
Мен шығармамды белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиевтің өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі.
Рәміздер мен үшін қасиетті
- Tolkin Alpispaevna
- 12 ақпан 2013
- 3537
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рәміздер мен үшін қасиетті, тәуелсіздік, шығарма
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік тұғырым
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы, Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда...Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін...Мен елімнің патриотымын
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа...Туым–намыс, ұраным–бірлік, рәміздерім–мақтанышым!
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рүстемова Гүлмира Сабақтың...Ұлы елдің ұланымыз
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі: Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.