Сайтқа кіру Тіркелу

Менің студенттік өмірім

Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақыты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге, адамдарды тануға, ғылымды үйренуге, айналаңыздағы әлемді білуге мүмкіндік. Әрбір мектеп бітіруші болашақ университет, мамандығы жайлы ойланады. Алматы - Қазақстанның студенттік астанасы болып саналуы жәйдан-жай емес деп санаймын. Қалада 50-ден астам университеттер кездеседі, халықтың басым бөлігі - арман қуып келген студенттер. Менің таңдауым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түскеніме қатты қуаныштымын. ҚазҰУ - еліміз бойынша бірінші дәрежедегі ұлттық университет, білім мен тәрбие элитасын қалыптастырушы, ұлт болашағын өсіруші киелі мекен.

Университет артықшылықтарын атап өтетін болсақ - бізге білім алу, спортпен шұғылдану және жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. ҚазҰУ-дағы студенттік өмір өте қызықты. Студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы жұмыс істейді. "Ана тілі аруы - жігіт сұлтаны ", " Сұңқар кубогы", " КазҰУ аруы","Студенттік көктем"," ҚазҰУ студиясы" және т.б. сияқты түрлі қоғамдық және мәдени іс-шаралар өткізіледі. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әрбір студент медициналық, заңгерлік, оқу-ағартушылық және мәдени көңіл-көтеру қызметтерін ала алады. Бұл бірнеше студентке өте маңызды орталықтар біріккен ерекше мекен.

Сонымен қатар, студенттердің белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін факультетішілік клубтар мен бірлестіктер бар. ҚазҰУ қоғамдық өмірі өте мазмұнды және алуан түрлі. Әр маманның белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру университет пен факультет деңгейінде қабылданған бағдарламалар мен жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Менің өмірім университетке түскелі түбегейлі өзгерді десем болады. ҚазҰУ - білім мен студенттік өмірді бірге алып жүретін сапалы орта. Бұл ортаға түскенде, өзің дамуға, қозғалыста болып, оқу мен студенттік белсенділікке бірден ілігіп кетесің. Студенттік жатаханалар жөндеуден өткен, жаңа жиһазбен жабдықталған, жағдайы өте жақсы және бағасы тиімді. ҚазҰУ қалашығының өзі - студенттік өмірдің символы, студенттер қаласы деп айтуға болады.
Студенттік өмір-бұл ашық мүмкіндіктер уақыты, әдемі болашақ туралы армандармен өмір сүру сәттері, барлық тілектерді орындауға деген сенім және барлық есіктердің ашықтығына деген үміт. Тек осы уақыт өмірлік қоржынды біліммен толтырып, ойлау деңгейін дамытуға себепкер болады.

У.М. Джолдыбаева
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
А.Е.Аманғалиева
География және табиғатты қолдану факультетінің 1 курс студенті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
ҚазҰҮ халықаралық достық мекені

ҚазҰҮ халықаралық достық мекені

Мектеп бітірген соң барлық түлектердің арманы оқуға тусу. Және түлектің алдында университет сайлау, мамандық сайлау т. б мәселелер турады....
Мерейлі университет

Мерейлі университет

Студенттік өмір әр адамның өміріндегі қиыншылығымен, қызықтылығымен есте қалатын кезеңдердің бірі. Төрт жылың төрт күн секілді көзді ашып жұмғанша...
ҚазҰУ – менің мақтанышым

ҚазҰУ – менің мақтанышым

Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс...
Менің студенттік өмірім

Менің студенттік өмірім

Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақы-ты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×