Сайтқа кіру Тіркелу

Мақсатқа жете алмаймын, неге?

Көп адамның көкейінде арман мен мақсатқа қатысты сан түрлі сауал бар. «Қалай армандаған дұрыс, мен мақсат қоя алмаймын, неге арманыма жетпеймін» деген сияқты сұрақтардың жауабына көп ойланады. Әрине, кез - келген мақсат немесе арман қойған жағдайда оған апарар нақты қадамдарды біліп, жоспармен әрекет етуіміз қажет. “Басқару психологиясы” пәнінде осы бір тақырыптарды психологиялық деңгейде қарастыра аламыз. Басқару - бірінші орында өзіңді, өз әрекетіңді, мақсатыңды, кейініннен өзгені басқаруды қамтиды.
Қазіргі біздің сферамыз білім саласы болғандықтан осы тақырыпта қарастырғымыз келіп отыр. Әрбір оқу тәмамдаған жас түлектердің басты мақсаты еліміздің ең беделді жоғарғы оқу орындарына, соның ішінде әлемнің ең үздік 150 университеттерінің қатарына енген Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алу. Өз кезегінде де біздің де арман, мақсатымыз осы болған.
Қарапайым түрде түсіндіретін болсақ, мақсат А нүктесінен Б нүктесіне жету. Енді мақсат қандай болады? Мақсат оңай орындалатын және қиын орындалатын деп бөлінеді.
Оңай орындалатыны - өзіңнің ішкі қалауыңмен, жүрегіңнің айтуымен таңдалған мақсаттар. Олар әркез жеңіл орындалады.
Ал қиын орындалатын мақсаттар - сырттан келген, өзгенің айтуымен, басқа адам пікірінен туындағандары. Заман талабы, туыс - туғандардың айтуы және өзгелердің алдында маңыздылығыңды арттыру үшін қойған мақсаттар т. б. бәрі осыған жатады. Мысалы, заман талабы IT - саласы болса, ата - анамыздың қалауы дәрігер, бәлкім мұғалім болу шығар. Алайда, сіздің жүрегіңіз журналистика деп соғады. Осы сәтте жан - жақтан пікірлер келеді, “бұл мамандықта грант аз”, “бітірген соң жұмыс табу қиын” деген секілді. Егер бұл сіздің ішкі қалауыңыз болса, еш сынбаңыз, тілек - дұғаңызды тілеп, алға қойған мақсатыңызға қарай жылжи беріңіз, нәтижеге жетеріңіз сөзсіз.
Бұл екі мақсат түріне де жетуге болады, дегенмен оған апарар жолдың қиындығымен ерекшеленеді. Өзіңнің ішкі қалауларың үшін жасаған әрбір қадамың бақыт сыйлайды, жеңісіңнің дәмін сезіне аласың. Ал екіншісі түпкісіне келгенде өзгенің қалауы болғандықтан, оған жету адамды қажытып, шаршатып жібереді. Бұл мақсатты орындағанда өзгелерден мойындау, мақтау сөз күтіп тұрасың. Сол себепті мақсат қойғанда бірінші қадам, бұл кімнің қалауы екендігін анықтап алу.
Арман, мақсатыңызды егжей - тегжейлі құрастыра біліңіз. Неғұрлым нақты болған сайын, соғұрлым орындалу мүмкіндігі көбейеді. Мысалы, тек ҰБТ - дан жоғары балл алып, оқуға түсу емес, барынша детальдарына мән беріңіз. Нақтырақ, 130 - 140 балл арасында алып, ҚазҰУ - не, математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығына түсемін деген секілді.
Міне, соңғы жететін нүктемізді білеміз. Ендігі жасайтын қадамдарымызды жоспарлаймыз. Үлкен мақсатқа жету жолын бірнеше кіші мақсаттарға жіктеңіз. Тестте кездесетін бес пәнді игеруді кіші мақсаттар етіп алыңыз, оның өзін тақырыптарға бөле аласыз. Күн сайын әр пәннен бір тақырыптан меңгеріп отырыңыз және осыған арнап кесте толтырсаңыз болады. Орындаған сайын белгі соғып отырасыз, яғни әрбір белгі бір кіші мақсатыңызды орындағаныңыздың белгісі, ол бастапқы мақсатқа жетуге деген баға жетпес мотивация болмақ.
Қорытындылар болсақ, жалпы мақсат дегеніміз не, оған жету қадамдарын талқыладық. Көпшілік адамдар өзгелердің қалауын өз мақсатымен шатастырып жатады. Оған жетудегі қиындықтар көңіл - күйіңізге, денсаулығыңызға әсер етеді, орындай алмаған жағдайда жан - жағымыздағылардан ұялып, өзімізді құнсыздандыру болады. Осыдан сақтану үшін нақты жүрек қалауларыңызыды анықтай біліңіз. Бұл сіз үшін бақыт сыйлар жол болмақ. Сіздерге пайдалы болды деген сеніммен мақаламамызды тәмәмдаймыз.
Мақсаттарыңызға жетуге тілекшіміз, тек алға!

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандитаты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
Талғатова А. Т.
Механика - математика факультетінің 1 курс магистранты
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Білім биігінде: басқару психологиясы

Білім биігінде: басқару психологиясы

Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуций - әйгілі шығыс философтарының бірі. Оның сөздері әлі күнге дейін өзекті және біздің жүрегімізде жаңғырады....
Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуций - әйгілі шығыс философтарының бірі. Оның сөздері әлі күнге дейін өзекті және біздің жүрегімізде жаңғырады. Оның сабақтарының көпшілігі...
«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

Мақсаты: Тәрбиешілердің табысқа, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру...
Алынбайтын асу жоқ

Алынбайтын асу жоқ

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×