Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады. Түлкі кішкентай ит шамалас. Жирен аңның реңі шіп - шикіл түстен сұр түске дейін кездеседі. Солтүстік жақта мекендейтін түлкілердің терісі қызғылт түсті, қыр далада мекендейтін түлкілердің терісі сұр және сары түстес. Терісі қара түсті түлкілер де болады. Қара сұр түлкі терісі ең әдемі болып саналады. Сол себептен қара сұр түсті түлкілерді бұрыннан бері фермаларда өсіреді.
Түлкі Еуропада да, Азияда да, Америкада да, Африкада да өмір сүреді. Бұл аң кез - келген климат жағдайына бейімделе алады. Оңтүстік жақта мекендейтін түлкілер солтүстік жақтың түлкілеріне қарағанда ұсақтау келеді, оған қоса солтүстіктің түлкілерінің терісі әлдеқайда қалың және мамық. Түлкі аса тәсілқой және шапшаң аң. Оның жүгіруі соншалықты ұшқыр, тіпті иттің оны қуып жетуі қиынға соғады. Сонымен қатар ол өте айлакер: өз ізін жасыру және қорек табу үшін әртүрлі айла - тәсіл ойлап таба алады.
Түлкі немен қоректенеді? Ол қалай аң аулайды?
Түлкі – тамаша аңшы. Байқампаздық пен зеректілікпен қатар, түлкінің есте сақтау, иіс сезу қабілеті күшті және ол сақ құлақ. Мысалы, сұр тышқанның шиқылын 100 м қашықтықтан естиді. Жыртқыш аң ретінде түлкі түрлі жануарларды қорек етеді. Ол тышқандарды, қояндарды, ор қояндарын, қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды сүйсініп жейді, жауыннан кейін шұбалшаңдарды қазып алады, өзендерде балық пен шаян аулайды. Бірақ бұл жануардың ең сүйікті тағамы – құстар. Сондықтан да ол тауық қораларын жиі аңдиды. Айтпақшы, түлкіні адаммен көршілес өмір сүру еш қаймықтырмайды, сол себепті түлкінің інін ауыл жанынан кездестіруге болады. Жануар жидек, алма, көкөніспен де тағамаданады.
Әр түлкінің өзінің дара қоректенетін жер телімі болады. Ол бар ынтасымен оны басқа біреулердің басып енуінен қорғайды, інінің маңында не болып жатқанынан хабарлы. Әдетте түлкі аң аулауға кеш бата не түнде шығады, бірақ ерекшеліктер де болып тұрады. Кейбіреулері тышқан мен бақаларды елемей, қоянның жатын жерлерін аңдуды, құс аулауды артық көреді де тек қана ірі жабайы құстарды қорек қылады.
Түлкі ашықауыздынып қалған қоянды жеп қою, құрды аулап алу немесе құстың ұясын ойрандап тастаудың амалын жібермейді, соған қарамастан орман ішіне ол әлдеқайда зор пайда әкеледі. Түлкілердің негізгі азығы ауыл шаруашылығына зиянын келтіретін сұр тышқандар, тышқандар, сарышұнақтар сияқты кеміргіштер болып табылады. Жас өскін мыршайлар көп мөлшерде орман алқаптарына белгілі зияны бар жәндік зауза қоңызын жайпайды.
Мыршайлар
Түлкілердің жүктілігі 51 - 52 күнге дейін созылады. Еркегі ін қазуға көмектеседі, ұрғашысы жаңа туылған мыршайларын әлі қалдырып кете алмаған жағдайларда оны қоректендіреді, жас мыршайларды асырау міндеттемелерін бөліседі. Мыршайлар көбінесе сәуірдің соңында немесе мамырдың басында дүниеге келеді.
Әуелгіде олардың терісінің түсі қоңыр және күшіктерге ұқсайды, бірақ олардың бір ерекшелігі бар – құйрығының ұшының түсі ақ болады. Жас ұрпақ тез есейеді, туылғанына 20 күн болғанда олар іннен шығып тірі азықтармен қоректене бастайды. Еркегіне барлық мыршайларды асырап шығу оңайға соқпайды, сондықтан оған ұрғашысы да көмектесе бастайды. Ата - анасы тек қана інге тірі тышқан, құс және ұсақ аңдарды ғана әкеліп қоймай, сонымен қатар мыршайларды аң аулауға баулиды. Бастапқыда мыршайлар зауза қоңыздарын, шегірткелерді аулайды, алайда бара - бара сұр тышқан, кесіртке, бақа сияқты ірірек жануарларды аулауды үйрене бастайды.
Мыршайлар тез өседі, тамыз айына қарай оларды ересек түлкілерден ажырату қиынға соғады. Қараша айында жасөспірім ұрпақ бағынышсыз тұрмыс бастайды да әрқайсысы әр жаққа ыдырап кетеді.
Түлкілер әрдайым інді мекен етпейді. Інді тек қана тұқым өсіру үшін қолданады да, қалған кездері жазық даланы қоныстанады. Түлкілерде үйге деген ыстық сезім жоқ – ол ұнаған жерінде жүре береді. Түлкі інін адам мекендейтін жерде қуана - қуана қазады, кей кезде олар үлкен қалаларға да барып қалады. Түлкі жиі өзі інді қазғысы келмейді, басқа аңдар қазып кеткен індерді мекендейді, түлкі борсық қазған інді рахаттана мекендейді.
Жетілген түлкілер індерін тек қана тұқым шығару және ұзаққа созылған қолайсыз күн райынан қоршалу үшін ғана емес, сонымен қатар қауіп төнген кезде баспана ретінде пайдаланады.
Әдетте жасы ұлғайған түлкі тұқымы сыйысатын бір ғана інді иеленбейді, бірнеше інді қатарынан иелігіне алады. Бұл індер ерекше жағдайларда сенімді бассауға болып табылады.
Негізінде түлкінің тұқым шығаратын іні сайдың беткейлерінде, жылғалардан таяу жерлерде, ну ормандарда адам аяғы баспайтын жерлерде орналасады. Кей - кезде түлкі жыл сайын өзі қазып кеткен інге қайта береді. Ондай кездері індер тұрақты түрде кеңейтіледі, аздап жаңаланады, 2 - 3 қабатта орналасатын тағы бірнеше “бөлме” пайда болады. Аңшылар індердің бұндай түрлерімен етене таныс және оларды “ғасырлық” індер дейді.
Әншейінде түлкінің тұқым шығаратын іні бірнеше шығу жолдарымен жабдықталған, қауіп - қатер төнген кезде олар түлкінің байқатпай шығып кетуіне мүмкіндік береді. Түлкінің ұдайы қолданып жүрген басты шығу жолы алыстан байқалады. Әдетінше ол інді көпжылдық тазартудан пайда болған құм себілген таза алаң. Осы жерде асыр салып ойнап жатқан мыршайларды жиі кездестіруге болады.
Түлкінің түлеу мезгілі
Осы уақытқа дейін жалтыраған және мамық болған түлкі тоны енді қыстың соңына қарай күңгірттеніп кедір - бұдырлы бола бастайды. Түлкінің түлеу мезгілінде оның түктері түсіп сыртқы ажарлығын жоғалта бастайды. Түлеу мезгілі әжептәуір тез өтеді, мамыр айына қарай түлкі жаңа жаздық тон иеленеді. Егер де түлкі ауру және арық болса онда түлеу мезгілі созылып, маусым айында қысқы жүні сабалақтанған түлкіні кездестіруге болады. Жаздық жүн бағаланбайды себебі жүні қылшықты және түгі сирек болады, қоңыр күз келгенде жүні қоюлана түседі. Аязды күндер бастала бергенде ғана түлкі терісі енді құнды болып саналады.
Түлкі туралы мәлімет
- ramuk_b
- 23 сәуір 2019
- 3011
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түлкі туралы мәлімет, түлкі, түлкі тіршілігі, қай кезде аң аулауға шығады
Ұқсас жаңалықтар:
Түлкі мен ешкі ертегісі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....Түлкі мен қоян
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке,...Жабайы жануарлардың тіршілігі
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Орман жан - жануарларының қысқы тіршілігі
Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна...Жабайы аңдар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Жабайы аңдармен таныстыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.