Менің арманым
Армансыз адам болмайды. Менің де өз арманым бар. Менің арманым ата - анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп армандарым орындалады деп сенемін. Ата - анам, сіңлілерім, туыстарым барлығымыз бір отбасы болып мерекелерде үлкен дастархан басында бас қоссақ, мен қатты қуанамын.
Менің кішкентай сіңлім дүниеге келгенде үйдегілердің барлығы қатты қуанды. Мен де қуанышты болдым. Біздің отбасында төртінші қыз бала дүниеге келгендіктен, апам оның есімін Ұлжан деп атады. Себебі, бұл есімнің мағынасы қыз артынан ұл ерсін дегені. Ұлы Абай атамыздың анасының аты Ұлжан болған екен. Анасы өте ақылды ана болыпты. Сол сияқты менің де сіңлілерім ақылды болып өссе екен деймін. Мен үйдің үлкенімін. Сабақтан қолым босағанда сіңлілерімді ойнатамын, оларға қарап жүремін. Ата - анамыз біздерді қатты жақсы көреді. Әрине, ата - анамыз үшін біздер - олардың көз қуанышымыз, бірақ, әр отбасында ұл баланың орны қашанда бөлек болатынын мен жақсы білемін. Сондықтан да, менің ең үлкен арманым - үйге тағы да кішкентай нәресте келсе, ендігі нәресте ұл бала болса екен деп армандаймын. Анам ұл баланы дүниеге әкелсе, менің ең үлкен арманымның бірі орындалар еді. Мен оның атын өзім қояр едім. Күнде сабақтан келген соң, ойнамасам да, анамның жанынан кетпей, нәрестеге қарауға көмектесіп, бесігін тербетіп, әлдиін айтар едім.
Мен арманымның орындалуын асыға - асыға күтемін. Менің осы жазған арманымды оқып отырған сіздің де армандарыңыз орындала берсін - деп эссемді аяқтаймын.
«Н. Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ - нің
5 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Альбина
Менің арманым (шығарма)
- ramuk_b
- 17 қаңтар 2019
- 5941
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің арманым шығарма, эссе арман туралы, менің арманым
Ұқсас жаңалықтар:
Менің анам
Жердегі бар тағамнан Ана сүті нәрлі екен. Бұл жалғанда анамнан, Сүйікті адам бар ма екен?...Бір баяулап келемін, бір қарқындап
Бір баяулап келемін, бір қарқындап, Қолым жетер жерлерде тұрды алтын бақ. Асулардан екпіндеп асты арманым, Менің жігіт күнім боп бір жарқылдап....Менің әжем
Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің...Менің анам
Менің анамның есімі Тілектес. Менің анам өте мейірімді, ақылды, сыпайы, жақсы адам. Мен анамды өте - өте жақсы көремін. Менің анам әрдайым сабақ...Отбасым - бақыт мекенім
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.