Сайтқа кіру Тіркелу

Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)

Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)


Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым, Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады.

Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі – «Диуани лұғати-ат-түрікте» зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.

Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әр түрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарихшылардың назарына өзіне аударған – шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.

«Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым, Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым.

«Жинақты» сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым.
Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем – мәңгілік өмірге біржола жолдама алды», - деп жазды.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Махмұд Қашқари, ғалым
Ұқсас жаңалықтар:
Мен сені көп іздедім, АСЫЛ БАБАМ!

Мен сені көп іздедім, АСЫЛ БАБАМ!

Ғасырлар тоғысы мен ұрпақтар сабақтастығы арасындағы алтын көпір - бабалар аманаты....
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...
М.Қашқари

М.Қашқари "Қордайдағаы аққу қаздар қаңқылдайды"

Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари. «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды» өлеңі Мақсаттары: Оқушылар тақырып жайлы түсінік алады отырып, мәнерлеп...
Шығыс даналары

Шығыс даналары

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауаны, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна...
Рабғузи қиссалары

Рабғузи қиссалары

Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×