Ел Президенті Тurkystan газетіне сұқбат берді
2026 жылдың 5 қаңтарында ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев еліміздің беделді басылымдарының бірі "Түркістан "газетіне журналист Бауыржан Бабажанұлына берген сұқбаты жарияланды. Сұқбаттың басында Бауыржан Бабажанұлы Президентке сұқбат беруге келісім бергені үшін алғыс айтты. Осы тұста Президент бұл басылымның еліміздегі беделді басылым екенін және оған жарияланатын түркі халықтарына ортақ қызықты тақырыптарға арналған мақалаларды өзі қызыға оқитынын атап өтті. Сұқбатта Президент қазіргі кездегі жарқ - жұрқ еткен арзан ақпараттардан гөрі салмақты басылымдарды оқудың маңыздылығын айтты.
Президент өз сөзінде еліміздің жаңғырудың жаңа кезеңінде екендігін ескерте отырып, алдымен өткен жылғы ел өміріндегі маңызды өзгерістерді екшеп өтті. Соның нақты бір мысалы ретінде өткен жылы елдің ішкі өнім көлемінің 300 млрд. долларға жеткенін айтты. Бірақ бұл арқаны кеңге салып, тоқмейілситін уақыт емес екенін, елдегі инфляция мәселесі және оның әлеуметтік топтардың табысына тигізіп отырған зиянын, елдегі электр энергиясын қымбаттату себептерін, энергия жүйелерін жаңартуға қатысты атқарылған біршама жұмыстар туралы және оларға қатысты мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Сондай - ақ, сұқбат барысында Президент алдағы уақытта елімізде болатын елеулі өзгерістерге тоқталып өтті. Мәселен, олардың ішінде елдегі салық кодексінде болатын өзгерістер, бюджетті тиімді пайдалануға қатысты жаңа бағыттар, елдегі инфрақұрылымды жаңарту, еліміздегі негізгі азық - түліктің көзі ауыл шаруашылығын дамыту, ел экономикасының дамуына серпін беруші туризм саласына қатысты мәселелер сынды сұрақтар тереңінен қамтылып айтылды.
Ел басшысы: «Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру» деп атап өтіп, билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершіліктің жаңа үлгісін ұсынды.
Сұқбатта елдегі заң үстемдігі мен әділ шешім қабылдау ерекше аталып, «Заң мен тәртіп – мемлекеттің берік іргетасы» екені баса көрсетілді.
Президентке берілген сұрақтардың ішінде 2026 жылды мемлекет басшысының «Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы» деп жарияланғандығын айтып, осы тұрғыдан атқарылатын жұмыстарға қатысты сұрақ берді, осы сұраққа Президент Қазақстанның болашақта цифрлық державаға айналуы керек екендігін айтып, осыған қатысты атқарылатын жұмыстарға тоқталды және халықтың ой - санасы мұндай жаңаруларға дайын екендігін басып айтты.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының
аға оқытушылары Г. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Ел Президенті Тurkystan газетіне сұқбат берді
- ramuk_b
- 5 қаңтар 2026
- 56
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ел Президенті, сұқбат, Тurkystan газеті, Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар:

Президент жолдауы - ел ертеңінің бағдары
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы 2025 жылдың 8 қыркүйек күні ел...
Қазақ елінің Президенті өткен жылды қортындылап сұқбат берді
3 қаңтар күні еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетінде сұқбат берді. Ел басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет еліміздің беделді...
Ел өркендеуінің берік негізі
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы Қазақстан...
Қ.- Ж. Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатына шолу
2024 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне жан - жақты сұхбат берді....
Ел Президентнің сұқбаты жарияланды
2024 жылдың алғашқы күні Республикалық басалым саналатын «Егемен Қазақстан» газетінде аталмыш басылымның Бас директоры, алаштанушы, ғалым, Дихан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.