60 жасқа толған әкеге тілек
Асыл Әке, ардағы ұл - қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.
Анамыз Айшаменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып - тасып.
Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала - шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман - есен жүріңіз!
Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой - беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.
Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр - қайратыңыз қашанда арта бергей!
Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.
Адам баласының ұзақ өміріндегі бел - белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе - дағы кемел жасы 60 - тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес - ау.
Міне, сен де ізімізден қуып, аман - есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.
Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан - жарыңмен бірге бала - шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп - өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда - құдағиларың мен дос - жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала - шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман - есен жүріңіз!
Ізгілікті нұрын шашар маңайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Жақсылықты өзінізден көп көрген,
Ұмытпайды туған - туыс қалайда!
Үлгі болған үлкенге де жасқа да,
Сыйлар сізді туған - туыс, басқа да.
Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік,
Қуатыңыз таусылмасын 100 жаста да!
Алпыс - тал түс. Алда әлі талай асулар мен белес - беделдер бар. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтерінкі де кіршіксіз көңіл, денеңіздің саулығың, отбасының амандығың, қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз. Абыройыңыз асқақтай берсін дей отырып, төмендегі өлең жолдарың арнаймыз.
Құтты болсын Гүлнар жеңге тойыңыз,
Орындалсын мұрат – арман ойыңыз.
Әулетіңнің құрметіне бөленіп,
Әрқашанда биік төрде болыңыз!
Жасай бер, жас келсе де қартаймаңыз,
Өмірдің кемдігіне мұңаймаңыз.
Күлімдеп алдымызда жүре берші,
Жұматжан ағамыздың шаңырағың нұрландырып!
Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына
Көз түсті жеткеннен соң алпыстың асқарына...
Ақ бояу самай менен, бақ сыйлап бастарыма.
Жетпістің жотасына жетпеген жаста мына
Жаудырам алғысымды көрші мен достарыма,
Ұл - қызым, немере мен шөбере – жастарыма!
Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көшелі бір азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты ағамыз............... бұл күнде 60 жастың асқарына шығып, бәрімізді қуантып отыр.
Жасынан ел басқару ісіне араласып, осы жолда көп белес – биіктерден өткен қымбатты ағамызға, әкеміз, атамызға алда да тасыңыз осылай өрге домалай берсін, көргеніңіз тек қызық болып, ел - жұртыңызды жаңа табыстарыңызбен қуанта бергейсіз демекпіз.
Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдімін.
Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін! Шаңырағыңызда береке - бірлік, ырыс - ынтымақ бола берсін! Бақытыңыз баянды, сау - саламат жүргейсіз!
Ел үшін аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты азамат, киелі де қастерлі мекен – Махамбеттей өр ақынның, елді жаудан қорғаған батырдың туған өлкесінің перзенті........., жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді ордалы отағасының жасы деп аталатын Асқаралы Алатау – 60 жастың белесіне алып жетіпті.
Сіз,.... жылы..................... институтын тәмамдаған соң өз еңбек жолыңызды.......... қаласында алғашқыда қатардағы маманнан бастап, кейін........................ қызметтерін атқардыңыз.
Жоғары кәсіби дәрежеңізді, жұмыстағы жауапкершілігіңізді және басшылық қызметтегі қағидашылдығыңызды, саясаттағы төзімділігіңізді ескере отырып, Сізге.......... жылы....................... қызметі ұсынылды. Табысты еңбектеріңіздің нәтижесінде Сіз............... жылдан бастап......................................... қызметіне тағайындалдыңыз.
Көп жылғы сіңірген еңбегіңіздің нәтижесі ретінде, Сіз Қазақстан Республикасының....................... атағын иеленіп,....................... мерекелік медалімен марапатталдыңыз.
Қадірменді.........................., Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі – 60 жасқа келіп отырсыз. Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Қазақтың Шерханы, Шерағасы алпыс жасты талтүс дейді. Олай болса, Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ басқан шағыңызда да көзіңізден от кетпесін, жүрегіңізден жылу кетпесін дей отырып, Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз.
Сізге және........................ шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт, зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын қызықтап, Алланың берген жасын жасап, кісілік келбеттеріңізден танбай, несібе - дәулеттеріңіздің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!
Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Көркемдігі тең келген суретпенен.
Туған - туыс, дос - жаран, әріптестер,
Ардақтайды өзіңді құрметпенен.
Еңбек жолың татиды сан аңызға,
Саған қарап күлімдеп қаламыз да.
Отбасында бақытты ғұмыр кешіп,
Аман - есен жүре бер арамызда.
Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасың,
Әлі талай шыңдардан бақ табасың.
Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,
Көш керуенің ешқашан тоқтамасын!
Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына
Көз түсті жеткеннен соң алпыстың асқарына...
Ақ бояу самай менен, бақ сыйлап бастарыма.
Жетпістің жотасына жетпеген жаста мына
Жаудырам алғысымды көрші мен достарыма,
Ұл - қызым, немере мен шөбере – жастарыма!
Өтесің, алдамшы өмір, оны білем...
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.
Ауырлық бар, денем де жылдам емес,
Ақылшылар көбейді айтар кеңес.
Табиғат өзінікін алады екен,
Жүгіріп шыға алмайсың, тұрса дөңес.
Патша көңіл, сен неге алаңдайсың,
Жүрегім қуан әр кез, қайғы азайсын.
Жайдары көктем, жазым өтсе - дағы,
Алаңдап, биіктерге қарайлайсың.
Төрт мезгіл болады екен бұл өмірің,
Сонда да өзгермейді жас көңілің.
Еңбек етіп жүресің дүние жиып,
Төрт құбылаң толса да бар өңірің.
Алпысты тал түсім деп аялайсың,
Жан - жаққа бұрынғыдай қарамайсың.
Тілеймін амандығын қосағымның
Мәпелеп еркелеткен баладайсың
Аптығып немерелер шығады алдан,
Жетейік биіктерге ойға алған.
Қос аққудай 40 жыл бір келеміз,
Асқар шыңға бастасын алдағы арман.
60 жасқа арналған құттықтау тілектер
- ramuk_b
- 18 маусым 2024
- 381326
- 0
- 100
Ілмек сөздер: 60 жас, 60 жасқа арналған құттықтау тілектер, туған күнге тілек
Ұқсас жаңалықтар:
Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер....50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз. Әрқашан...1 Қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек
Ата - Әжеге Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз....40 жас туған күнге арналған тілектер
Қырық жасқа толғаның – Қырдан асып қалғаның. Арманыңды жалға мың, Бақ сыйласын алды күн....25 жасқа арналған құттықтау
Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.