Отыз жыл бойы Ораза ұстаған бір адам құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кісі кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:
— Мен бүгiн Оразамын! Кезек берiңдер! Қарным ашты, шөлдедiм, — деп шу шығарады.
Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып, бiртiндеп алға жақындай бередi. Отыз жыл бойы Ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен, бiр кезде шыдамы таусылып:
— Әй, бауырым, егер Ораза тұтқанға жол беру керек болса, онда кезекті отыз жыл бойы Ораза тұтқан мен — бiрiншi алуым керек емес пе? Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! — деп ашуланыпты.
Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп:
—Мен шайтанмын. Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, Оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың. Маған да керегi осы едi, — деп көзден ғайып болыпты.
Мен бүгiн Оразамын!
- ramuk_b
- 27 наурыз 2023
- 2614
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Мен бүгiн Оразамын, ғибартты әңгіме, ораза ұстау, оразаның сауабы
Ұқсас жаңалықтар:
Дархандық емес елім, дарақылық!
Шықпаса сіздердегі оймен егіз. Ағайын бұл сөзіме қой демеңіз. Отыз жас, қырық жастың бәрін атап, Не болса соны думан дей береміз....Жарты нан
Айтатын құран сөзiн молда қайда? Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла. Айтайын бұрынғының нақыл сөзiн Қайырдан аз да болса көрген пайда....Ораза 2022 жыл
Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған...Ораза ұстағанда сәресінде және ауыз ашарда оқылатын дұғалар
Оразаның үш парызы бар: 1) Ниет ету. 2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау. 3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта...Имандылық – ізгіліктің негізі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.