Сабақтың тақырыбы: Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы. Күн мен түннің ауысуы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға Жердің өз өсінен және Күнді айнала қозғалуы туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға машықтандыру.
3) Тәрбиелік: Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; рухани байлығын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, карта, глобус,
оқулық, слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу;
ә) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) Оқу құралдарын тексеру.
в) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
г) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ) Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар:
1) Жердің пішінін неге шар тәрізді деп атайды?
2) Глобустың пішіні қандай?
3) Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болды?
4) Масштаб дегеніміз не?
5) Масштабтың неше түрі бар?
6) Географиялық карта дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ
1. Жердің өз өсінен және күнді айналуы
2. Күн мен түннің ауысуы
3. Жазғы және қысқы тоқырау
4. Поляр түні, поляр күні
ІV Жаңа сабақты бекіту:
Географиялық диктант
1. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт.......... сағатқа тең. (24)
2. Жер өз осінен айналуының нәтижесінде........... мен.......... ауысады. (күн, түн)
3. Уақыт.................... меридианынан есепетелінеді. (Гринвич немесе бас меридиан)
4. Алғаш 21 - 22 маусымда.................................................. болады. (жазғы тоқырау)
5. 23 қыркүйек күні...................... күн мен түннің теңелуі байқалады. (күзгі тоқырау)
6. Оңтүстік жарты шарда ең ұзақ күн...................................... деп аталады. (Поляр күні)
7. Солтүстік жарты шарда ең ұзақ түн...................................... деп аталады. (Поляр түні)
8. Жер күнді межелеген уақытта толық айналып өтуін..................... деп атайды. (жыл)
Тест жұмысы:
1. Темірқазық жұлдызына қарап қай бағытты анықтауға болады?
А) Оңтүстік Ә) Солтүстік Б) Батыс В) Шығыс
2. Жер бетіндегі адамзат неше нәсілге бөлінеді?
А) 2 Ә) 1 Б) 3 В) 4
3. Жер шарын айналып шыққан саяхатшы кім?
А) Ф. Магеллан Ә) Х. Колумб Б) Ш. Уәлиханов В) Қ. Сәтбаев
4. «Күнді тоқтатып жерді айналдырушы» деген сөздер жазылған ғалымның аты?
А) Әл - Фараби Ә) Николай Коперник
Б) Ш. Уәлиханов В) Герард Меркатор
5. Күннің төңірегінде неше планета бар?
А) 10 Ә) 8 Б) 9 В) 7
6. Күнді айнала қозғалатын ғаламшар жолы қалай аталады?
А) Комета Ә) Метеор Б) Орбита В) астероид
7. Жер өз осінен қанша уақытта 1 рет айналады?
А) 30 сағат Ә) 25 сағат Б) 24 сағат В) 23 сағат
8. Жер күнді қанша уақытта бір рет айналып өтеді?
А) 1 жылда Ә) 2 жылда Б) 3 жылда В) 4 жылда
9. Жер бетінің жалпы ауданы қанша?
А) 510 млн км2 Ә) 500 млн км2 Б) 450 км2 В) 350 млн км2
10. Жер экваторының ұзындығы қанша?
А) 39000 мың км Ә) 41000 мың км
Б) 40000 мың км В) 35000 мың км
V Оқушы білімін бағалау
VІ §11, картамен жұмыс. 32 - беттегі тапсырмалар
Жердің өз осінен және күнді айнала қозғалуы
- Serikova Kurtka
- 10 ақпан 2013
- 50973
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жердің өз осінен және күнді айнала қозғалуы, география
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы. Отбасы мүшелері
Оқып - үйренудің негізгі мақсаты - Отбасы мүшелері туралы білетін болады. - Отбасы дегеніміз – әкесі мен анасы, олардың балалары және ата - әжесі...Глобустың градус торы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш...Жаратылыстанудан тест тапсырмалары
Тақырыпты қайталауға арналған тест тапсырмалары. 5 – сынып Жаратылыстану...Жердің Күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері, жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің өз осінен айналуы туралы түсінік алуға жағдай жасау....Глобус жердің дәл үлгісі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Тақырыбы: Жер – шар тәрізді дене. Глобус...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.