Сайтқа кіру Тіркелу

Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев

Сабақтың тақырыбы: «Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Әншінің шығармашылығына тоқталу, таныстыру, таныту, жан – жақты білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың музыкаға деген сүйіспеншілігін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Әншінің өмірі мен шеберлігі насихаттау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, АКТ қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд көрсетілімдері, смайликтер, плакат,
Пәнаралық байланысы: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері

Сабақтың кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
II. Үй тапсырмасы (7 мин)
III. Жаңа сабақ (18 мин)
IV. Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин)
V. Рефлексия (2 мин)
VI. Оқушыларды бағалау (5 мин)
VII. Үй тапсырмасы (1 мин)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Тілші» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру
1 сұрақ: Жаппас Қаламбаев кім? (Домбырашы, қобызшы)
2 сұрақ: Жаппас Қаламбаевтың ұстаздарын ата. (Ықылас, Қорқыт, Сүгір)
3 сұрақ: Жаппас Қаламбаевтың әкесінің атын ата. (Қасымбек)
4 сұрақ: Ж. Қаламбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1909ж Созақ ауданы)
5 сұрақ: Жаппасқа қобыз сыйлаған кім? (Әкесі Қасымбек)
6 сұрақ: Жетімдер үйіне қай жылы келеді? (1919 ж)
7 сұрақ: Қобыз аспабын қалай ойнайды? (ысып)
8 сұрақ: Ерте заманда қобыз аспабын не үшін пайдаланған?(ауру адамдарды емдеуге)
9 сұрақ: Жаппас Қаламбаев қандай аспаптарда ойнады (Домбыра, қобыз)

Мұғалім: Дұрыс балалар Ж. Қаламбаев аспаптарда жақсы ойнаған сондықтан мен сендерді осы аспаптардың суреттерін алу арқылы топқа бөлемін. (Домбыра, қобыз, дауылпаз) Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ «Домбыра»
2 - топ «Қобыз»
3 - топ «Дауылпаз»

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар қайталанбас өнер иесі, Мұхит әндерінің сынын, бояуын бұзбай бізге жеткізуші талант иесі Ғарифолла Құрманғалиев туралы жаңа сабағымызды бастамақпыз. Олай болса Шыңтас пен Шайхының соңына еріп, Мұхиттың көптеген әндерін үйренген. Осы әндерді «Қыз Жібек» операсында молынан пайдаланған. Осындай Мұхиттың күрделі әндерін терең меңгерген Ғарифолла Құрманғалиевтің «Қыз Жібек» операсындағы Шегенің ариясын және Мұхиттың «Үлкен айдай» әніне құлақ түрелік
Музыка тыңдау: «Қыз Жібек» операсындағы Шегенің ариясын және Мұхиттың «Үлкен айдай» әні.

III. Жаңа сабақ: «Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев»
1 топ Ғарифолла Құрманғалиевтың өмірбаяны
2 топ Ғарифолла Құрманғалиевтың әндері
3 топ «Ақ жайық» әнінің шығу тарихы
Оқушыларға тапсырма жазбаша түрде беріледі. Олар тапсырманы оқып, қосымша интернеттен ізденеді. Постер арқылы қорғау.
Ән үйрену: «Дос болайық бәріміз»
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Сөзін жазған: Х. Талғаров
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып ғарышта
Озып шыққан жарыста
Батыл бас, жас ұлан
Самға биік алысқа
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойд акүш тасыған

IV. Жаңа тақырыпты бекіту «Сөйлемдерді аяқтау»
• Ғ. Құрманғалиев ол........ әнші, композитор, актер
• Өмір сүрген жылдары........ 1909 - 1972
• Оның ұстаздары........ Шынтас пен Шайқы
• «Дос болайық бәріміз» әнінің музыкасын........... Ибрагим Нүсіпбаев жазды
• «Ақ жайық» әнінің сөзін.............. Ғ. Құрманғалиев жазған
• Ол операдағы............... күрделі партияларды орындаған

V. Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Нені білдіңдер? Осы сұрақ арқылы оқушылар ойларын стикерге жазып «Білім ағашына» іледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Жаңа сабақтың айтылмай кеткен тұстарына тоқталу
VI. Оқушылардыбағалау: Мұғалім әр топқа жеке – жеке тоқталу арқылы топқа баға беру. Сұрақтарға жауап берген белсенд іоқушыларды бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: «Дос болайық, бәріміз» әнін жаттап келеміз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×