Сайтқа кіру Тіркелу

Жетіген

Сабақтың тақырыбы: «Аңыздан жаралған жетіген»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ән айту дағдыларын қалыптастыру, ұлттық музыканы тыңдай білуге, құрметтеуге, сүюге баулу; оқушылардың шығармашылығын арттыру; аспаптық музыка туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті: 1. Әнді түсініп, көңілді айтуға үйрету.
2. Шығармашылық, жеке дара қабілеттерін дамыту
3. Халық музыкасын таныстыра отырып отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс - сурет, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (Өткен сабақтағы «Қалаулым» әнін хормен тыңдау)
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

1 слайд. Жетіген аспабының суреті.
Жетіген аспабы жайлы толық мәлімет беру.
Ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптарының бірі - жетіген аспабы. Тегіс ағаш бетіне жеті ішек тағылып, жеті асық қойылып, бұрауы асықтарды ілгері - кейінді жылжыту арқылы қойылады. Саусақтармен іліп қағу арқылы шертіп ойналады. Ішектері аттың қылынан тағылып, шанағы ағаштан ойылып жасалады.
2слайд. Өнер ұжымдарының суреті.
Жетіген аспабы қазірде халықтың сүйіп орындайтын аспаптарының біріне айналған. Бұл аспапта қыз - келіншектер қызыға ойнайды. Халық күйлерімен қатар композитор шығармаларын да нақышына келтіріп орындауға болады.
Мына суретте танымал «Сазген сазы»ансамбль бейнеленген.
3 слайд. Жетіген аспабына ұқсас басқа ұлттардың да аспаптарымен танысу. Орыс халқының гусли аспабының суреті.
Әлемде жетігенге ұқсас аспаптар да кездеседі. Мына көріп отырған аспаптың атын гусли деп атайды. Гусли деген сөз «ішектің гуілі» деп аталады
4 слсайд. Цимбало аспабының суреті.
Цимбало — Беларусь халқының музыкалық аспабы. Дыбысталуы өте қысқа, дауысы ашық болады. Цимбало аспабымен көбінесе қысқы музыкалар орындалады.
Музыка тыңдау: Жетіген аспабының орындауында халық күйі «Аңшының зары» тыңдау.
Күйден алған әсерлерін оқушылардан сұрау.
Дауыс жаттығулары: Ма, ме, ми, мо, му.
Бра, бре, бри, бро, бру. /легато, стакатто/
Ән үйрену: «Шырша әні» (И. Нүсіпбаев, Т. Молдағалиев )
1. Әннің сөзімен жұмыс.
2. Әннің әуенімен жұмыс.
3. Динамикалық белгілермен жұмыс.
4. Әнді толық орындау.
Сабақты бекіту: «Кел ойнайық» атты әріп ойынымен сабақты бекіту. Шарты: Әр әріптің астына жазылған сандарды тиісті орынына қойса, аспаптың аты шығады. Жауабы: Жетіген
Т, Ж, Н, І, Е, Г, Е.
3, 1, 7, 4, 2, 5, 6.
Сабақты қорыту:
1. Танысқан аспаптардың аттарын айт, ерекшеліктерін ата.
2. Қандай күй жетіген аспабында орындалды.
3. Жетіген аспабының дыбыстары қалай естіледі.
Үйге тапсырма: «Шырша әнін» жаттау, жетіген аспабының суретін салу
Сабақты бекіту, бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×