Сабақтың тақырыбы: Фредерик Шопен. Өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ұлы поляк композиторы Ф. Шопеннің өмірбаянымен таныстыру
Тәрбиелілігі: Эстетикалық тәрбиені іске асыру, өнердегі сұлулыққа баулу, соның ішінде Шопеннің шығармашылығына қызығушылықты арттыру
Дамытушылығы: Оқушының интеллектуалдық, әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, топтастыру стратегиясы
Пәнаралық байланыс: әлемдік әдебиеті мен мәдениеті
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия презентация, компьютер, мультимедия проекторы, фортепиано, оқулық
Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
II. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру 10 мин
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру 35 мин
• Кіріспе
• Композитор туралы видеролик қарау
• Балалық шағы
• Лицейде оқыған жылдары
• 20 - жылдардағы шығармашылығы
• Шығармашылығының кемелденген кезеңі
• Шығармашылығының жандануы
Фредерик Шопен
Фредерик Франсуа Шопен фр. Frédéric François Chopin; пол. Fryderyk Franciszek Szopen (22. 2, кейбір деректерде 1. 3. 1810, Варшава маңындағы Желязова - Вола мекені – 17. 10. 1849, Париж қаласы) – поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушы.
Әкесі – француз, шешесі – поляк қызы. Шопен туған апасы Людвиканың ықпалымен жастайынан музыкаға әуес болып өсті әрі онымен қосылып фортепьянолық дуэттер орындады. 7 жасында фортепьянода ойнауды чех музыканты В. Живныйдан, 12 жасында композицияны поляк композиторы Ю. Эльснерден үйреніп, тәлім алды. Лицейде (1823 – 26), одан кейін Жоғары музыка мектебінде (1826 – 29) оқыған ол жеті жасында алғашқы шығармасы – фортепьяноға арналған соль минор полонезін шығарды; 1817 ж. жарық көрді. 1818 жылдан пианиношы ретінде таныла бастады. 1829 жылдан Шопеннің алғашқы гастрольдік сапары басталып, әуелі Вена, одан соң Мюнхен қалаларында концерт берді. 1830 – 1831 ж. Вена, ал 1831 жылдан Париж қаласында тұрды. Осы қалада әдебиет пен өнердің атақты өкілдерімен (ақын Г. Гейне мен жазушы Ж. Санд, кескіндемеші Э. Делакруа, композиторлар В. Беллини, Г. Берлиоз, Ф. Лист, Ф. Мендельсон, т. б.) танысты.
Шопеннің шығармалары поляк ұлттық музыкасының зор жетістігіне әрі дүниежүзілік музыка классиканың үздік үлгілеріне жатады. Музыкадағы реализмнің ірі өкіліне айналған Шопеннің өміршең әрі психологиялық шындыққа негізделген терең мазмұнды туындыларында поляк халқының азаттық үшін күресі мен қаһармандық идеялары үлкен суреткерлікпен бейнеленді. Шопен – фортепьянода ойнаудың асқан шебері, дүниежүзілік көрнекті пианиношылардың бірі болды. 1835 ж. композитор ауыр сырқатқа душар болып, дәрігердің кеңесімен Мальорка аралына барады да бір қысын (1838 – 39) сонда өткізеді. Ол осыдан кейін денсаулығы біршама жақсарғандай күй кешіп, барлық уақытын музыкаға арнады. Бірақ Сандпен қарым - қатынасын біржола үзуі (1847) және гастрольдік сапармен Англияда болуы (1848) Шопеннің денсаулығының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Содан көп ұзамай өкпе туберкулезінен дүние салды. Мәйіті Париж қаласында жерленген, жүрегі өз өтінішімен Варшава қаласына жеткізіліп, осы уақытқа дейін сонда сақтаулы. Варшава қаласында концерттік, ғылыми - зертеу, т. б. шығармашылық жұмысымен айналысатын Шопен атындағы қоғам ұйымдастырылған. 1927 жылдан осы қалада пианиношылардың Шопен атындағы халықаралық байқауы өткізіліп тұрады. 1923 ж. Алматы қаласында музыкалы драма үйірмесінің күшімен алғаш рет Шопен шығармаларына арналған концерт ұйымдастырылды. Сонан бері Қазақстанда композитордың әр алуан музыкалық туындылары (вальс, мазурка, ноктюрн, полонез, т. б. фортепьянолық шығармалары) орындалып келеді.
Шопен – фортепьяно мен оркестрге арналған 2 концерт пен 4 пьесаның; фортепьянолық трионың, виолончель мен фортепьяноға арналған соната, 4 баллада, 4 скерцо, 4 экспромт, 16 полонез, 58 мазурка, 17 вальс, 21 ноктюрн, 26 прелюдия, 27 этюдтің және көптеген әндердің, рондо, вариация, т. б. муз. шығармалардың авторы.
IV. Студенттің өзіндік жұмысы 30 мин
• Ф. Шопен бойынша топтастыру стратегиясымен жұмыс
V. Жаңа тақырыпты бекіту 7мин
• Ф. Шопен кім?
• Композитор қай елден шыққан?
• Қандай шығармаларымен таныстың?
• Отбасы туралы не айта аласыз?
• Ф. Шопен өз шығармашылығын қандай аспаппен шектеді?
• Композитор шығармашылығы қандай жанрларды қамтиды?
• Шопен музыкасының негізі не болып табылады?
VI. Қорытындылау 3мин
Бағалау
VII. Үйге тапсырма 3 мин
• Шуберт пен Шопеннің өмірі мен шығармашылығы бойынша Венн диаграммасын жасау
478 - 486 беттерді оқып, түсінгенін айту
Оқытушы: С. А. Ғинаятова
Фредерик Шопеннің өмірі мен шығармашылық жолы
- sandu91
- 22 қазан 2015
- 10946
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Фредерик Шопен, композитор, ұлттық музыканың негізін салушы
Ұқсас жаңалықтар:
Дүние жүзі тарихы бойынша тест сұрақтары жауаптарымен
Португалдықтар жеткенге дейін Үндістанмен сауда жасау кімдердің қолында болды? A) Монғолдардың. B) Арабтардың. C) Қытайлардың. D) Парсылардың. E)...Полифониялық шығармамен жұмыс
Мақсаты: Ұлы композитор И. С. Бахтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Прелюдияның орындалу ерекшелігін оқушы санасына жеткізу, музыкалық -...Оркестрмен тілдескен дирижер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Композитор шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, «Ақ көгершін» әнін үйрету. Тәрбиелілігі: Музыка өнері дамуының түп...Әлем және қазақ музыка әдебиеттерінен тест
Тест сұрақтары Әлем музыка әдебиеті 2 - 3 сынып, І - нұсқа 1. Барокко дәуірінің әйгілі скрипкашысы? А) А. Вивальди; Б) В. А. Моцарт; В) Н. Паганини...Қазақ музыка өнерінің шебері - Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор, дирижер - Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.