Сайтқа кіру Тіркелу

Менің сүйікті ойыншығым

Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін дамыту. Жаңа әнді меңгеру, әнді тыңдап түсіну, әуен мен қимылды бір - бірімен үйлестіруге тәрбиелеу. Ән мәтініне назар аудара білулерін және таза да түсінікті етіп айтуларын қалыптастыру. Ойыншықтар түрлерін бір - бірінен ажырата білулерін дамыту
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды саппен жүргізу, жарты шеңбер бойына тұрғызу.

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту:
- Балалар, қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік:
- Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым.
Бәрекелді, балалар!

Көңілді қимыл - қозғалыс.
Балалар құлыншақ қимылын музыкамен жасайды
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
Жарайсыңдар, балалар, көңілімізді көтеріп алдық. Бәріңе де сәттілік тілеймін.
- Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
- Сендердің үйде қандай сүйікті ойыншықтарың бар?
- Ендеше ойыншықтар еліне қонаққа барғыларың келе ме?
- Ойыншықтар еліне барар жолымыз ұзақ, жаяу барсақ шаршап қалармыз, бәріміз поезд болып әндетіп барайық.
- Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы - ол поездың.
Қатар – қатар тұрайық,
Поезды біз құрайық.
Ал, паравоз бас алға,
Бәрімізді басқарда.
Пш - пш - пш - пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
(топты бір айналады

Жетекші:
- Балалар, біз ойыншықтар еліне де келіп жеттік.
Кенеттен сиқыршы пайда болады, қолында сиқырлы таяқшасы бар.
Балалар сиқыршыны көргенде таңғалады
Сиқыршы:
- Сәлематсыңдар ма, балалар, қайдан келе жатырсыңдар?
- Сиқыршы, біздің балалар ойыншықтар еліне қонаққа келе жатыр, сіз бізге ойыншықтар еліне тезірек жетуге көмектесесіз бе?
- Әрине, көмектесемін, менің сиқырлы таяғым сендердің барлық тілектеріңді орындайды, сендер менің қояр сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңдер болды. Сиқыршы ілінген ойыншықтардың аттарын сұрайды.
- Мынау қандай ойыншық?
- Бұның аты не?
- Ал, мынау қандай әуен? Мұқият тыңдайықшы?
Ән тыңдау. П. И. Чайковский. «Ойыншық солдаттар маршы»
Сиқыршы:
- Өте жақсы балалар, дұрыс жауап бердіңдер, ендеше ойыншықтар еліне қош келдіңдер
Жаңа ән. И. Нүсіпбаев «Ойыншықтар»
Балаларға әнді орындап көрсету, түсіндіру. Ән екпіні орташа екпінде екенін айту. Әнді аспап сүйемелдеуімен айтуға, музыка екпініне ілесе білуге үйрету. Ән мәтінін таза, түсінікті етіп айтуларын қадағалау.
Балалар жаңа әнмен танысады. Жетекшіге ілесе үйренеді. Әнді музыка аспабының сүйемелдеуімен айтады.
Жетекші:
- Балалар, сендерге ойыншықтар елі ұнады ма?
- Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап шешіп көріңдерші.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір - ақ асады.
Бұл не?
- Бәрекелді, балалар, дәл таптыңдар.
Сиқыршы:
- Балалар, сендер қоянды көргілерің келе ме?
- Ендеше менің сиқырлы таяқшамның сиқырын қараңдар?
(сиқыршы таяқшасын сермеп қалады).
Кенеттен қоян пайда бола кетеді.
Қоян:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, қайдан жүрсіңдер? Сендер мені танисыңдар ма? Мен туралы қандай тақпақтар, ертегілер білесіңдер?
- Біздер қоян туралы көптеген ертегілер білеміз. Атап айтар болсақ: «Аңқау қоян», «Қоян мен қасқыр», «Қоянның айласы» т. б.
Жетекші: - Балалар, біз қоянның қимылын жасап көрсетейікші? Кәне, секірейік!
Әуенді қимыл: «Қоян»

- Рахмет, балалар, сендер маған қатты ұнадыңдар. Мен туралы да өте жақсы біледі екенсіңдер, мен аю ағаның үйіне қонаққа бара жатыр едім, жолымнан қалмайын, сау болыңдар.
Жетекші:
- Балалар біздің тобымызға қайтатын уақытымыз да таяп қалған сияқты, сиқыршыдан рұқсат алып тобымызға қайтайық.
Сиқыршы:
- Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, келісесіңдер ме?
Жетекші:
- Ендеше, балалар, бәріміз «Бұл қандай ойыншық?» деген ойын ойнайық.

Ойын: «Бұл қандай ойыншық?»
Шарты: Ортаға бір баланы шығарып көзін байлау. Ортаға шыққан бала үстел үстінде тұрған ойыншықты сипау арқылы оның қандай ойыншық екенін табады және оны музыкаға ілесе қимылын көрсетеді.

Сиқыршы:
«Балалар сендер сегіз қырлы, бір сырлы екенсіңдер, сендермен қимастықпен қоштасамын, ойыншықтар әлеміне қонаққа келіп тұрыңдар», - деп сиқырлы қоштасып кетіп қалады.
Жетекші:
- Балалар біздің қайтар жолымыз өте ұзақ, сондықтан паровоз болып әндетіп қайтайық.
Балалар сиқыршымен қоштасады, әндетіп топқа қайтады.
Мадақтау. Пысықтап, бекіту.
.- Балалар сендер қайда бардыңдар?
- Ойыншықтар елі сендерге ұнады ма?
- Ойыншықтар елінде сендерді кім қарсы алды, тағы нелерді кездестірдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар
Қорытынды
Балалар сендерге көп - көп рахмет, ендеше қонақтармен қоштаса қояйықшы.
Балаларды саппен жүргізу.
Балалар саппен музыка әуенімен жүріп, залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалардың ойыншықтар туралы түсінік алады, ойыншықтар туралы әнді мұқият тыңдап, мазмұнын түсінеді;
Игеруі:: Балалар ән айту барысында мәтін жолдарын анық, таза, түсінікті етіп айтады, көптеген ойыншық түрлерін біледі және ажырата алады;
Жасай білуі: Балалар өздеріне жүктелген тапсырмаларды дұрыс, әрі тиянақты орындай алады, музыкамен қимылды үйлесімді етіп жасай біледі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×