Сайтқа кіру Тіркелу

Күйдің Қаршығасы

Сабақтың тақырыбы: Күйдің Қаршығасы
Сабақтың мақсаты: Күй дүлдүлі Қаршыға Ахмедияровпен таныстыру, өнерін үлгі тұту. Күйшілік дәстүрдің мән - мағынасын түсіну. Күй өнеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Музыка тыңдау барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Еркін сөйлеуі мен сөздік қорын молайту, дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, слайдтар, комп.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа назарын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1Топ: Б. Төлегенованы туралы не білесің?
2 топ: Б. Төлегенованың репертуарындағы әндер
3топ:
Үш топ өз тапсырмаларын орындаған соң бір - біріне дайындаған сұрақтарын қояды.
3. Білімін тексеру: (Кім жылдам? ойыны)
- Тембр деген не?
- Хордың дауыстарын ата?
Дирижердің қызметі?
4. Мақсат қою: музыканы дұрыс тыңдау арқылы оны талдауға, оз ойымызбен жеткізуге үйрену.
5. Жаңа сабақ:
қаршыға қырғи қараторғай бұлбұл тоты қарлығаш. Мына құстардың ішінен адам мен құстарға тән ортақ атаулары бар құстарды шеңберге жинақта. (құстардың суреттері берілген)
- (Қаршыға, Бұлбұл, Тоты, Қарлығаш)
- Осы атаулардың ішінен атақты музыканттың есімін табыңдар
- Қаршыға
- Ия, Қаршыға, яғни күйші Қаршыға Ахмедияров. Бүгінгі сабағымыз осы адам жайлы болмақ. Қазақ халқы балаға ат қоюында өте терең мазмұн жатыр. Сол қойған есіміне лайықты мінезі, адамгершілігі немесе бойындағы қасиеті ұқсасын деп ырымдап қояды. Бүгінгі сабағымыз қаршыға құсымен мінездес күйдің Қаршығасы туралы болмақ. Жалпы осы күйші туралы не білетіндеріңді алдарыңдағы постерге жазып шығыңдар.
- ол Атырау облысының тумасы. 1946. 03. 25 - 2010жж
- Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы болған
- Кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер болған
Ол шет ел композиторларының шығармаларын да домбырамен ойнай білген.
- Үндістан, Франция, Италия, АҚШ, Венгрияда болған
- Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ А - қа 1982ж ЗР - ның мемлекеттік сыйлығы беріледі.
- - 1992 ж ҚР халық әртісі,
- 2000 «Парасат» орденімен марапатталады.
- «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз - ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т. б. күйлері бар.
- Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сында атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды.
- -«Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500 - ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы
- Қазіргі танымал күйші - орындаушы Айгүл Үлкенбаева осы кісінің шәкірті.
- Алматының малдәрігерлік институтында оқыған.
- Ауылдың әрбір кештері Қаршығасыз өтпейтін болған, сөйтіп көзге түсе бастаған.
- 1981 жылы АҚШ - қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте.
Өте жақсы. Біраз мағұлмат алғандарың көрініп тұр.
Қаршыға (құс) бүркіттен кейінгі аңғасалатын құстардың бірі. Оның ең күшті қаруы өте шебер ұшатындығы – ол кейде жүздеген шақырым жерді айналып ұша береді, епті, айлалы оралымды. Күйдің Қаршығасы да осы құс сияқты ойы оралымды, күйлері сыршыл, кейде өткір, алыстан орағытып адамның көңіл тұсын дөп басып жатады. Сондай бір сыршыл күйлерінің бірі «Аққайың». Бұл күй психологиялық күйлер тобына жатады. Осы күйді назар сала тыңдап көрелік: (музыка тыңдау ережесін еске түсір: негізгі тақырыпқа баса назар аудар, автор не айтқысы келгені жөнінде ойланып көр, дыбыс ерекшеліктеріне ажырата біл, жылдамдығы мен динамикасына қарай мінез - құлқын анықта)
МУЗЫКА ТЫҢДАУ: «Аққайың» күйі Қ. Ахмедияров
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. (қоштасу сәтінің суреті)
МУЗЫКА ТАЛДАУ: (қайталап тыңдау әдісімен күйді өз беттерінше талдау)
Топтық тапсырма:
1топ: сурет салу арқылы: 2топ: ой толғау, 3топ: 4 жол өлең шығару арқылы күйдің мазмұнын, бейнесін ашу.
6. Түсінгенін тексеру:
ВЕНН диаграммасы
Күйдің Қаршығасы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Бұл күйші адам Шабытты, өр мінезді, алғыр, ойы ұшқыр, шаршамай шарқтай ұшады. Сирек кездесетіндігі Бұл құс
7. Қорытынды
Не білемін? Нені білдім? Не білгім келеді?
Сабақтан алған әсеріңді стикерлерге жаз.
Бағалау, мадақтау,
8. Үйге тапсырма: Қаршыға туралы мағұлматтарды толықтыру, іздену.
«Күй және күйші» тақырыбына эссе жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×