Сайтқа кіру Тіркелу

«Жыр және опера»

Сабақтың тақырыбы: «Жыр және опера»
Сабақтың мақсаты: Лиро - эпостық жырлармен таныстыру және қазақ халқының тұрмыс - салт жырлары мен әдеп - ғұрыптарын таныстыру.
Білімділік мәні: Опера жанры туралы мәлімет беру, кәсіби музыкамен таныстыру, тану, талдау, ажырата білу.
Дамытушылығы: Операның құрылымы, либретто мен лейтмотивтің тығыз байланысы, ұқсастығы, күрделі шығарманы насихаттау, тану, тыңдай білуге баулу.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жыр, опера тыңдауда сахна мәдениетін тануға, бойына сіңіруге, әнге, классикалық үлгідегі кәсіби музыканы тыңдай білуге баулу.
Пәнаралық байланысы: Ана тілі, дүние тану, бейнелеу, орыс тілі, математика.
Пайдаланған әдебиеттер: Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменова,
С. Елеманова Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған «Музыка» оқулығы «Атамұра» бағдарламасы Алматы – 2004 жыл.
ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ ЖӘНЕ ОПЕРА
Қазақ халқы — ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар оқиғалары махаббат тақырыбына құрылған «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сияқты лиро - эпостық жырлар кең тараған. Көптеген жазушылар мен композиторлар бұл жырларды негізге ала отырып, әдеби - музыкалық шығармалар жазған. Композитор Е. Г. Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек» операсын жазса, оның либреттосын атақты жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Опера алғаш рет 1934 жылы қойылды. Онда еркіндік аңсап, өзінің шынайы махаббаты үшін күрескен Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетіледі.
Бұл опера төрт бөлімнен тұрады.
Евгений Григорьевич Брусиловский
Дондағы Ростов қаласында туған. Оның алғаш музыкалық сауатын ашқан адам - өзінің анасы. Санкт - Петербург консерваториясын бітіргеннен кейін Алматыға келеді. Е. Брусиловский - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан композитор. Қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігін жете түсінген ол көптеген халық әндері мен күйлерін, халык, композиторларының туындыларын өз шығармаларына арқау етті. Бұған «Айман - Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дудар - ай» опералары мысал бола алады. Сондай - ақ Евгений Брусиловский - бірнеше симфониялық шығармалар мен көптеген ән - хорлардың авторы. Солардың ішінен «Қазақстан», «Шолпан», «Қос қарлығаш» сияқты әндерін атауға болады. Оның балаларға арнап жазған музыкалық шығармалары да аз емес. Евгений Брусиловский қазақ музыкасын дамытуға зор үлес қосып, көптеген жас композиторларды тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз.
«Қыз Жібек» операсы. Операның қысқаша мазмұны. Жібек деген сұлу қыз өз қалауымен алыстағы бір рудың баласы - жас жігіт Төлегенге косылғысы келеді. Бірақ бұрыннан Жібек сұлуда ойы болып жүрген өз елінің жігіті Бекежан мырза оған күштеп үйленуге ант етеді. Жібектің ата - анасының ризашылығын алған Төлеген үйлену үшін өз ата - анасының рұқсатын сұрауға еліне аттанады. Бірақ Төлегеннің әкесі Базарбай баласына келінді өзі таңдайтындығын айтып, рұқсат бермейді. Әке карсылығына қарамастан ол Жібектің еліне қайтады. Төлегеннің қайта оралып келе жатқанын естіген Бекежан оның жолын аңдып жүріп, кездеседі де, алдап достасады. Екеуі қоштасып кетіп бара жатқанда Бекежан Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді. Төлегеннің қаза болғанын естіген Жібек құздан құлап өледі.
Музыкалық сөздік:
Опера - сахнада койылу үшін жазылған көлемді музыкалы - драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.
Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар орындалады. Операны
бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай - ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады.
Музыкалық шығарма тыңдау:
«Қыз Жібек» операсынан үзінді тыңдау:
Қыз Жібектің бейнесін ашатын ән «Гәкку»
Ыбырай Сандыбайұлы (1860 - 1930)
Халық композиторы, белгілі әнші (тенор), әрі суырыпсалма ақын, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. 8 - 9 жасынан - ақ ән сала бастайды. Бала кезінен әнге, өлеңге құмар Ыбырай қазақтың атақты әнші - ақындарынан үлгі - өнеге алып,
шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Ақан, Біржан әндері сияқты Ыбырай әндері де биік асқақтап орындалады. Ыбырайдың халыққа көп тараған әндері: «Гәкку», «Дүние», «Желдірме».
Ол - Қазақстанның орталық және солтүстік әншілік мектебінің өкілі
Мұхит Мералыұлы (1841 - 1918)
Батыс Қазақстан жерінде туған. Жасынан қабілетті ақын өзінің табиғи дарынымен көптеген сұлу сазды әндер шығарған. Осындай әндердің бірі «Дүние - ай» әнінде адамның өмірдегі орны мен толғанысын жырлайды,
Ән жай, бір қалыпты орындалады. Мұхит Мералыұлы - Арқа әншілік мектебінің өкілі.
Е. Брусиловский Жібек бейнесін тереңірек ашу мақсатында «Қыз Жібек» операсына басқа да халық әндерін енгізген. Мұндай әннің бірі - белгілі әнші, композитор Мұхиттың «Дүние - ай» әні. Төлеген бейнесі және халық музыкасы. Халық әндері мен күйлерінің лейтмотиві негізінде кұрылған Төлеген бейнесі өзінің бақыты жолында қаза болған қажымас қайратты жігітті суреттейді. Өйткені ол өзінің болашақ жұбайына ескі салт бойынша, ата - ананың айттыруымен қосыла салуды қаламайды. Жібектей сүйген жарын өзі таңдап алуды мақсат етеді. Төлеген бейнесі үш түрлі сазды (лирикалық) әуенмен сипатталады. Олар: «Қос барабан», «Алқара - ай көк», «Қаракөз». Үміттің үзіліп, қайғылы жағдайдың туғанын сездіру үшін «Ақсақ құлан» күйінің бастапқы тақырыбы беріледі. Ол оркестр кіріспесінде, Төлегеннің қаза болар алдындағы арияда естіледі.
Бекежан бейнесі және халық музыкасы.
Операдағы жағымсыз кейіпкер Бекежан болып табылады. Оның Жібекке деген шынайы махаббаты Төлегенді жек көрушілігімен, біреудің басындағы жақсылықты көре алмайтын күншілдігімен бірге қабат - тасып көрінеді. Операдағы Бекежан музыкасының сатыр - сұтыр дүлей боран соққандай екпінмен орындалатыны да сондықтан. Бекежанның лейтмотиві «Аққұм» әнінің негізінде құрылған. Ол Бекежанның ариясында, оркестрдің кіріспесі мен корытынды бөлімінде беріледі де, Жібекке Төлегеннің кайғылы қазаға ұшырағанын сездіреді.
Музыкалық сауат ашу:
Либретто - опера, балет және ораторияның әдеби - поэтикалык мәтіні.
Лейтмотив - музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің
бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы. Опера мен симфониялық шығармаларда негізгі ойды білдіріп, бірнеше рет қайталанатын музыкалық тақырып.
Увертюра - опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық
кіріспесі.
Ария - белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.
Ариоза - арияның шағын түрі.
Дауыс ашу жаттығулары, ән айту ережесі:
Зейін салып тыңда және әннің бірінші дыбысын дұрыс айтуға тырыс.
Ән айту кезінде тік тұр немесе тік отыр.
Дауысты дыбыстарды созып, дауыссыз дыбыстарды қысқа және нақты айт.
Иығыңды көтермей, деміңді ал.
Деміңді көрсетілген белгіге дейін сақта.
Өз дауысыңды тыңда.
Дауысынды әдемі естілуін қадағала.
Ән айтқанда қасындағыларды тыңда.
Сенің даусың олардан ерекшеленбеуі керек.
Әндету: «Гәкку» әні
Аралап талай жердің, әй, дәмін таттым,
Құс салып, айдын көлде, әй, дабыл қақтым.
Айта алмай Гәкуімді, әй ешбір адам,
Маңмаңдап қоңыр қаздай, ау мамырлаттым, ау.
Қайырмасы:
Гәкку, гәкку га - га - га - га - га - га.
Гак - ку, гәк - ку, га - га - га - га - а - а - а.
Жаңа тақырыпты бекіту:
"Қыз Жібек" операсында Е. Г. Брусиловский қандай халық әндерін пайдаланған?
«Қыз Жібек» операсының басты кейіпкерлері кімдер?
Либретта дегеніміз не?
Лейтмотив дегеніміз не?
«Опера» сөзінің мағынасын түсіндір.
Операның кұрылымдық ерекшеліктерін ата.
Үйге тапсырма:
Қыз Жібек» операсының қысқаша мазмұның әңгімелеу.
«Гәкку» әнің жаттау.
Әнді жатқа әндету.
Евгений Брусиловскийдің шығармашылығы.
Төлеген мен Бекежанның бейнесің ашатың әндерді тану.
Операға қатысты негізгі терминдерді жаттау.
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×