Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл келді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін, сұрақ - жауап арқылы тексеру, мерекеге арналған жаңа ән үйрену.
Дамытушылық: Әнді бірін - бірі тыңдап, дұрыс орындауға үйрету.
Тәрбиелік: Ұжым болып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, әнді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ноталық станы, ноталар, жаңа жылға байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткенді қайталау
3. Жарыстыру
4. Жаңа өлеңді үйрету
5. Сабақты бекіту
6. Үй жұмысын беру
7. Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені алдымызда көңілді мереке Жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жыл мерекесінен асқан көңілді мереке жоқ. Адам баласы жаңа жылды жақсы үміт, жақсы ниет – тілекпен қуана қарсы алады. Дегенмен, әр халықтың бұл мерекені күтетін өз дәстүрі бар. Осыған байланысты біз әр елдің рәсімдерінен кішкене мәлімет беруді жөн көрдік.
Жалпы, қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде басталған. Бұл күні күн мен түннің теңеліп, мал төлдеп, көктемнің гүлденген шағында жұрт та жасарып, қыз - жігіттер ерекше құлпырып, әсем жырмен айналаны әнге бөлеп, неше түрлі ұлттық ойындар ойнайды. Абыр - сабыр наурыз көже пісіріліп, үй - үйді аралап, қыдырып жүрген адамдарға көше толы болады. Сондай - ақ, бұл күндері сандықтағы ең тәтті тағамдар шығарылып, ой мен қырдағы сағынысқан жұрт табысып, дастарқандары неше күн жиылмай тойлайтын болған.
Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың бірінде I Петр енгізді. Дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталды. Міне, осыдан бері Жаңа жыл шыршасының айналасында мейрамдау кәдуілгі салтқа айналды.
Бұл дәстүр - шырша ағашы қасиетті болып саналатын елдерде туған еді. Ертедегі еуропалық тайпалар, шыршада орман перісі өмір сүреді деген сенімде болған. Сондықтан мейрам күндері тайпа көсемі шыршаға сыйлықтар әкеліп, орманнан аң аулауға рұқсат сұрайтын болған.
Осы мерекеге қатысты бүгін жаңа ән үйренеміз. Сондықтан, балалар, сабақта дұрыс отырып, жақсы қатынасайық.
2. Біз өткен материалдарды қайталау үшін 2 командаға бөлінеміз.
1 - команда «Скрипка кілті»
2 - команда «Бас кілті»
Сұрақтар:
1. Канон дегеніміз не?
2. Бөбектерге ұйықтар алдымда қандай өлең айтамыз?
3. Ноталық станда неше нота бар?
4. Қандай дауыстарды білесіңдер? Балалар дауысы қалай аталады?
5. Халық әнін орындау деген нені білдіреді?
6. Туған жер туралы қандай әндер білесіңдер? Орындап беріңіз?
7. Квинтетке неше адам кіреді?
8. Квартетке неше адам кіреді?
Әр команданың неше нота алғанын санайық.
3. Жарыстыру.
Сабағымызды әр қарай жалғастырайық.
Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Қандай мейрамымыз келе жатыр?
Мерекеге қандай дайындық керек?
Қандай тақпақтар білесіңдер?
Қандай жұмбақтар білесіңдер?
4. Жаңа өлеңді үйрету.
Бүгінгі сабағымыз «Жаңа жыл келді», бірақ өткен сабақтағы «Келді, келді жаңа жыл» әнін қайталайық.
Жаңа жыл.
Ескі жыл мен қоштасып,
Шығарып сап келеміз.
Жаңа жолмен достасып, 2 - рет
Алға баса береміз.
Келді, келді жаңа жыл,
Қуана қарсы аламыз.
Қол соғады дала, қар, 2 - рет
Билейміз, ән саламыз.
Ойыншықтары түрленіп,
Ортамызда елка.
Аяз ата тұр келіп, 2 - рет
Тағып алған гүл алқа.
Аяз ата күлімдеп,
Кірді есіктен жайланып.
Берді сыйлық біртіндеп, 2 - рет
Билеп жүрміз айналып.
5. Сабақты бекіту
Балалар, ноталарды санап қай команда алға шықты, көрейік.
Балалар, қандай ән жаттадық?
Сіздерге ұнады ма?
6. Үй жұмысы: Жаңа өлеңнің сөзін жаттау, қайталау.
7. Бағалау.
Жаңа жыл келді
- Бибігүл
- 11 наурыз 2013
- 14478
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңа жыл келді, музыка, жаңа жыл мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар
Дала нұр, қала нұр Құтты болсын Жаңа жыл Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Нұр жайнаған ажары...Армысың, әз Наурыз!
Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...Жаңа жылдық сценарий
Кейіпкерлер: Ақшақар, Қаршақыз, Аяз Ата, аққала, гном, қоян, сиыр, барыс. Жаңа жылға безендірілген залға балалар кіріп келеді....Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл
Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.