Сабақтың тақырыбы: А. Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың типі: Жаңа сабақтың түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - мысалды әдіс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік мақсаты: Сазгер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен музыкасы туралы оқушыларға мол мағлұмат беру. Музыкасын тыңдату. «Ақ көгершін» әнін үйрету.
2. Дамыту мақсаты: Музыка таңдау, ән орындау арқылы оқушылардың ой - өрісін, музыкалық қабілеттерімен музыкалық сауаттылықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: ұлттық патриотизмге, рухани мәдениеттілікке жоғары эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Көрнектілігі: Плакат, суреттер, портрет, буклет, үлестірмелер және музыкалық аспаптар: домбыра, сырнай, ұнтаспа және т. б. Сабақтың басында және соңында А. Жұбановтың «Би күйі» ұнтаспада орындалып тұрады.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, балалардың сабаққа даярлығын тексеру. Жаттығулар орындау.
1. Мақсат қою кезеңі.
Тақтада ілінген әр түрлі суреттер мен плакаттарды байланыстыра отырып, сабақтың мақсатын түсіндіру. Ахмет Жұбанов (1906 - 1968) – академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр - қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А. Қ. Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті. Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М. О. Әуезов атындағы әдебиет жөне өнер институтының музыка бөлімі, Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың мемлекеттік филармониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы халық аспаптары кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А. Қ. Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми - зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала - сала болып, құнарлы арналарға ұласады.
Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы.
А. Жұбанов Қазақстан Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Ол сондай - ақ Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияны ашып, консерватория мен Ұлттық ғылым академиясының негізін салушылардың бірі болды.
А. Жұбанов бірнеше күрделі музыкалық шығармалар және «Қарлығаш», «Ақ қөгершін» атты әндерін, «Ария», «Көктем» сынды туындыларын, Л. Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазып қалдырды.
Тақтада ілінген көрнекіліктердің көмегімен өнертану ғылымның докторы А. Қ Жұбановтың музыкалармен таныстыру (күйлері, әндері, пьесалары, операсы және т. б.) «Би күйін», «Тәжік биін» алдымен ұнтаспада содан соң мұғалім орындауында тыңдатып салыстырмалы түрде сипаттама беру, талдау жасау.
«Ақ қөгершін» әнін үйрету. Ән мәтініне талдау жасап әңгімелеу. Нота сызбасын пайдалану. Әнді фраза бойынша үйрету. Хормен жұмыс жүргізу, ән орындау, ережелерінің орындалуын қадағалау.
а) Жеке оқушымен жұмыс.
ә) Топпен жұмыс.
б) Балаларға үлестірмелер тарату арқылы білімдерін тексеру (музыкалық шығармалар, кітаптары, өмірі, қызметі туралы). Ауызша сұрақтар беру.
І топ:
1. Фермата дегенеміз не?
2. Қазақтың ең алғашқы драмасы қалай аталады?
3. Импровизация дегеніміз не?
ІІ топ:
1. Вибрация дегеніміз не?
2. Қазақтың ең алғашқы драмасың авторының кім?
3. Рапсодия дегеніміз не?
5. Пысықтау, қорыту.
Көрнекті сазгердің қысқаша өмірі мен қызметі шығармашылығы туралы тест орындау.
1. А. Жұбанов туған жылы?
А) 1905ж
Ә) 1906ж
Б) 1907ж
2. Туған жері?
А) Атырау облысы
Ә) Ақмола облысы
Б) Ақтөбе облысы
3. А. Жұбанов Алматыдағы музыкалық драма училищесіне қай жылы қызметке келді?
А) 1934ж
Ә) 1933ж
Б) 1932ж
4. А. Жұбанов қандай кітаптардың авторы?
А) Ғасырлар пернесі
Ә) Халық аспаптары
Б) Түнгі сарын
5. А. Жұбановтың өлеңін белгіле
А) Құстар қайтып барады
Ә) Қараторғай
Б) Ақ көгершін
6. А. Жұбанов пен Л. Хамиди қандай опера жазды
А) Төлеген Тоқтаров
Ә) Бауыржан Момышұлы
Б) Мәншүк Мәметова
Ән мәтінін жазғызу және орындату.
6. Үйге тапсырма.
«Ақ көгершін» әнінің сөзін жаттау. Жеке оқушыға сазгердің өмірі мен қызметі және музыка туралы реферат жазып келу.
А.Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы
- Бибігүл
- 11 наурыз 2013
- 17870
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы, музыка
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік жоспар музыка 3 сынып
Күнтізбелік жоспар Музыка 3 сынып Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат...Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Домбыра (ғылыми жоба)
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ 2 "Ә"сынып оқушысы Ақжолова Жасмина Бержанқызы Жетекшісі: Сауытбаева...Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар
ШҚО, Аягөз ауданы, «Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Калиева Роза...Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы Басықара ауылы, № 182 мектептің музыка пәні мұғалімі Ағыбаева Индира Әбдіәлімқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.