Сайтқа кіру Тіркелу

Қ. Ахмедияров «Алтын ұя»

Сабақтың тақырыбы: Қ. Ахмедияров «Алтын ұя»
Сабақтың мақсаты: Білім алушыға Батыс Қазақстан күйшілерінің ішіндегі Қаршыға Ахмедияров күйлерінің сипатын түсіндіре отырып, күйшінің орындаушылық ерекшеліктері өзіне ғана тән саздық өзгешелігі жөнінде толық мағлұмат беру. Қаршыға күйлерінің иірімдерін түсіндіре отырып, орындалу ерекшеліктерін көрсету.

Білімділік: күйдің тарихы мен мазмұнын таныстыру арқылы музыкалық қабілетін арттыру, білімдерін тереңдету;
Тәрбиелік: күй өнері арқылы оқушы бойында рухани мәдениетті қалыптастырып, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп - қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: «Алтын ұя» күйінің шығу тарихын білу, характерін жеткізіп ойнау шеберлік деңгейін дамыту.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, ойқозғау, іздендіру, жинақтау, сұрақ - жауап.
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Көрнекілігі: домбыра аспабы, видеопроектор, үнтаспа, кітаптар бұрышы, үлестірме қағаздар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
 «Күй Ұран» Қ. Ахмедияров.
 «Домбыра үйрету әдістері» К. Сахарбаева,
 Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық,
 «Күй өнері» А. Сейдімбек

Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасы.
III. Үй тапсырмасын бекіту.
IV. Қызығушылықты ояту.
V. Жаңа сабақ.
VI. Музыкалық сауаттылық.
VII. Сергіту сәті.
VIII. Мағынаны тану.
IX. Қорытынды.
X. Үй тапсырмасы.
XI. Бағалау.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушымен амандасу, сабаққа назар аударту.
ә) Психологиялық дайындық.
 Қазір бізде қандай сабақ?
 Домбыра сабағына дайын болу үшін, жалпы сабақта не істейміз, не тыңдаймыз?
- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей оң қолымыз бен сол қолымыз тең жүріп, домбыра пернесін еркін қуалау үшін міндетті түрде гамма ойнап аламыз.
РЕ мажор гаммасы, арпеджиосымен

ІІ. Үй тапсырмасы.
Күй дегеніміз не? (оқушыға сұрақ)
Өткен сабағымызда үй тапсырмасына Қ. Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін соңына дейін жатқа жүргізіп орындау берілген болатын. Ендеше үй тапсырмасын орындайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
... Сәйкестендіру тесті...
халық күйі -------------- музыкалық дыбыстар тізбегі
позиция ------------- қағыс түрі
гамма ---------- композиторы ұмыт қалған күйлер
пицикато ---------- білім ордасы, мектебі
алтын ұя ------------ сол қол саусақтарының домбыра мойынында орналасу қалпын алмастыра орындау

IV. Қызығушылықты ояту.
Домбыраның қыр сырын, қағысын, пернелерін, нота сауатын танып білгеннен кейін домбырада төкпе, шертпе күйлерді ойнап үйрендік. Төкпе күйдің тағы бір майталман өкілі осы Батыс өңірінің күйшісі «домбыра күйінің атасы – Құрманғазы», «күй анасы – Динаның»ізін жалғастырушы күйшілердің бірі «ғасыр күйшісі» Қаршыға Ахмедияров.

Шешердей дүниенің сан сұрағын,
Тыңдайсың таусылғандай жан шыдамың.
Теңіз боп тебіренесің, төгілгенде,
Күйлері құйын саусақ Қаршығаның, - деп Фариза
Оңғарсынова жырлағандай, бүгінгі сабағымыз Қаршыға Ахмедияровтың арнау күйі – «Алтын ұя». Ең алдымен автордың өмірбаянына тоқталып өтелік.

V. Жаңа сабақ.
Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақстанның халық артисі (1991). 1967 - 1991 жылы Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Әкесі Ахмедияр саятшы, күйші, қисашы, жыршы болған.
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасқа қараған шағында тоқтады. Қаршығаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы Махамбеттің өрлігі бар Қаршығаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнер сүйер қауым оны «Күй Қаршығасы», «Саңлақ күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. Қаршыға – «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет), «Әсемқоңыр» (Дина), «Сарыарқа» (Құрманғазы), «Жігер» (Дәулеткерей), «Атырау», «Күй Ұран» күйлер жинағы кітаптарын жарыққа шығарды. Оның «Нарын», «Қуаныш», «Жібек - Жетісу», «Сағыныш», «Алтын ұя», «Аққайың», «Желдірме» т. б. көптеген күйлері бар.
Қаршыға үлкен ұлағатты орындаушылық мектептен өтеді. Әкесі Ахмедияр, оның ағалары – Үмбетәлі, Үмбетияр, өз бауырлары – Қырғи, Тұрымтай, Алғи, Бүркіт, Теңізбай – бәрі домбырашы, әнші. Келесі мектеп ауыл мұғалімдері – Ш. Шәріпов, Н. Үлкенбаев, Қ. Мұхтаров, Х. Ризуановтар болса, кәсіби өнерге бет бұрғанда – Қ. Жантілеуов, Р. Омаров, Қ. Мұхитов, Ш. Қажығалиев, У. Бекенов, Н. Тілендиев сынды майталмандар. Үлкен мектептен өтіп, шебер орындаушы дәрежесіне жеткен тума талант иесі бірнеше күйлерде шығарды. Күйлерін тақырыбына, тарихына қарай топтастырып көрелік.

Ақтөбе қаласы, МКҚК "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы"
Домбыра студиясының педагогі Бажабаев Талғат Теңізұлы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×