Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үй жабдықтары

Киіз үй жабдықтары
Сабақтың мақсаты: 1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру
2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.
3. Атадан - балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылығымызды сақтауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үй жабдықтарының суреттері, буклет, жайлау
Сабақтың әдіс - тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал, т. б

Жылулық шеңбері:
Амансыз ба, алтын күн!
Амансыз ба, ашық аспан
Амансыз ба, Жер ана
Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Сабағымызды бастайық,
Жалқаулықты тастайық.
Балалардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, қазір бізде қай сабақ?
- Қоршаған дүниемен танысу.
- Дұрыс, айтасыңдар.
- Балалар, олай болса мына жұмбақтың шешуін тауып көріңдерші?
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
Жұмбақтың шешуіне қарай «Киіз үй жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіру. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды.
Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі).
Шаңырақ:- Киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, құрастырып ұстап
тұратын дөңгелек шеңбер.
Кереге:- киіз үйдің ағаштан жасаған торкөзді сүйегі.
Уық - Кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.
Киіз есік - Сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады.
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалған. (түсініктеме беру).
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Тәуелсіз мемлекет
- Тәуелсіз мемлекеттің несі болады?
- Рәміздері
- Рәміздерін атап беріңдерші
- Елтаңба, ту, әнұран
- Бүгінгі біз айтып жатқан уық, кереге, шаңырақ қайсысында бейнеленген?
- Елтаңбада
- Олай, болса елтаңбадағы кереге, уық, шаңырақ жазылған өлеңдерді еске түсіріп айтайық.
Балалардың жауабын тыңдау

Үй жиһаздары:
Абажа - тамақ пен ыдыс - аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жаса - лып, киізбен, былғарымен қапталған
Кебеже - сүт, ет, май, құрт сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.
Ағаш төсек - жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
Асадал – тамақ пен ыдыс - аяқ сақтайтын кебеже.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық - киім - кешек т. б заттарды салуға арналған үй жиһазы.
Төсеніштер: алаша, киіз, сырмақ, текемет.
Түскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына құратын үй бұйымы.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.
Аяққап - ыдыс - аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою - өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.(түсініктеме беру)

Оқулықпен жұмыс жұмыс: Дәптерден киіз үй суреттерін тапқызу, сызба арқылы қосу.
• Киізді неден аламыз?
• Жүннен
• Жүнді қайдан аламыз?
• Қойдың жүнінен
• Қойдың қандай пайдасы бар?
Балалардың жауабын тыңдау

Мақал:
Мал өсірсең қой өсір,
пайдасы оның көл - көсір
Дидактикалық ойын:
Ойынның шарты: қораптағы жасырынған заттарды сипап – сезу арқылы затты тауып атау
Жасырынған зат ( жылқы, сиыр, түйе, ешкі, қой) тапқан балаға қосымша сұрақ - тар қойып, жауап алу
«Жайлау»көрінісіне әңгіме құрау(бірнеше баланың жауабын тыңдау)

Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Достық үйін құрамыз.

Сабақты қорыту: Жұмбақ шешу:
Әкесі баласын көтерді,
Баласы бөркін көтерді.
(кереге, уық, шаңырақ)

Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды.
(киіз үй, кереге, уық, шаңырақ)
- Балалар, бүгін біз сендермен не дайнда әңгіме жүргіздік?( балалардың жауабы)
- Киіз үй жабдықтарын суреттеп атап көрсетулерін сұрау
- Сонымен, балалар киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға
өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел
дауылға көп шайқалмайды.-,- деп түсініктеме беру.

Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш тарату арқылы бағалау.

Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.
Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.
Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.
Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.

Мектеп алды даярлық сыныбы
Сарыжаз орта мектебінің мұғалімі
Джумадилова Гульшат
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×