Сайтқа кіру Тіркелу

І әрпі және дыбысы

Кіріспе
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері қандай болуы керек? Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым - қатынасы дамып, интеллектісі байиды. Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есте сақтау қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін үйрету жүзеге асырылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану жолдарын қарастырылып отырдым. Кембридж бағдарламасын негізге ала отырып, 7 модульді сабақтарға кіріктіріп, балалардың тілін дамытуға, сауттылыққа ықпал етуді көздедім. Көздеген мақсатыма жету жолдарын топтық, жұптық жұмыстарды жүйелей отырып ұйымдастырдым. Сауат ашу сабақтарында балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Сауат ашу кезеңі ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені қазақ тілін үйрену, басқа пәндерді де үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу сабақтарында келесі міндеттер жүзеге асырылады:
- балалардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принциптерін басшылыққа алу;
- сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;
- дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауға, сөздерді тұтас жазуға үйрету;
- жазудың талаптарын орындату
Сауат ашудан жыл аяғында балалар мынадай білім - біліктерді меңгереді.
1. Әліпбидегі барлық әріптерді толық меңгереді, ажырата біледі.
2. Әрбір дыбысты өткен сайын сол дыбысты қатыстырып, буын, сөз, сөйлем құрап айтады.
3. Сөздердің дыбыстық, буындық құрылымын меңгереді.
4. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгереді.
5. Өткен дыбыстарды қатыстырып, сөз, сөйлем құрап оны талдау - жинақтау арқылы оқуға, кеспе әріптер арқылы жазуға үйренеді.
6. Шағын мәтіндерді мазмұндауға және өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуға төселеді.
7. Суреттер бойынша өздігінен әңгіме құрастырып айтуға, ойын түрінде берілген тапсырмаларды топ ішінде ынтымақтастықпен орындауға жаттығады.

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: І әрпі және дыбысы.
Сабақтың мақсаты: І і дыбысы және әрпімен таныстыру. І і дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелері: І і дыбысы және әрпін таниды. І і дыбысы бар сөздерді талдай отырып, оларды ажырата алады.
Әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі: І әрпі кездесетін затардың суреттері, Іі әрпінің баспа түрі, текшелер, сөздер (сәйкестендіруге), постер топтық жұмысқа арналған.

Ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру.
Ізденіс
Дид/ ойын «Сөз ойла, тез ойла» - өткен тақырыптар бойынша, аталған әріптерді қатыстырып сөз айтады.

Сұрақ - жауап
Менің қолымдағы зат қалай аталады? Ілгіш сөзін топпен қайталап айтқызу. Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
Айтылу артикуляциясына назар аудару.
Қандай дыбыс? Неліктен дауысты дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

Дәптермен жұмыс
1. Суретпен жұмыс. Ішік – қыста киетін теріден жасалған сырт киім. І әрпі сөздің қай жерінде орналасқан?
Көгершін – бейбітшілік құсы. І әрпі сөздің қай жерінде орналасқан?
Ешкі – үй жануары оның төлі лақ. І әрпі сөздің қай жерінде орналасқан?
Әріптің баспа түрімен таныстыру.

Топпен жұмыс
2. Жазу жұмысы.
Ауада жазып көрсету.
Постердегі берілген суреттердің қайсысының атауында І дыбысы кездеседі?

Тақтамен жұмыс
І әрпі бар сөздерді сәйкестендіру.

Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Топпен жұмыс
Дыбыстық талдау. Етік, ешкі, кілем, ілгіш, білім сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Тіл ұстарту:
Іс - іс - іс, піс қазаным піс

Қорытынды
Бағалау Қандай әріппен таныстық? Қандай дыбыс? Неліктен? Жуан айтыла ма, әлде жіңішке айтыла ма? Осы дыбыстар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?
Бағалау

Алматы облысы, Көксу ауданы,
«№ 12 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Кегенбаева Шаукен Сагатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×