«Отбасы бақыты» атты тренинг
Тренингтің мақсаты: Отбасындағы ата - ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы өзара қарым - қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасы бақыты түсінігің құндылығын ашу.
Түрі: тренинг
Әдіс - тәсілдері: жаңа технология әдістері: шаттық шеңбері, топтастыру, жағымды көңіл - күй тудыру стратегиялары, модельдеу стратегиясы, жүректен - жүрекке.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интербелсенді тақта, әр бөлімге қажетті заттар жинағы: конверт - тапсырмалар, түрлі - түсті қағаздар (А4), пломастерлер, қалам, майшам, ватман қағаз, желім, қайшы
Барысы:
1. «Сәлем - сөздің анасы», «Жүздің түрін танығанша, бірдің атын біл»
/Сәлемдесу/Шаттық шеңбері (ата - аналар шеңбер бойына тұрады, қолдарына жанып тұрған шырақ ұстап, өз есімдерін айтып, амандасып, «отбасы»сөзін қосып бір - біріне тілек білдіреді)
2. Өз тобыңды тап!/топтастыру стратегиясы/ (әке, ана, бала суреттері қиылып қойылады, ата - аналар кез келген суретті алып, алған суреттер бойынша «Әке асқар тау», «Ана - бауырындағы - бұлақ», «Бала - жағасындағы құрақ» деп жазылған орындарға топтасып отырады)
3. «Ән - көңілдің ажары»/жағымды көңіл - күй тудыру/әр топ өз аттарына байланысты әннің шумақтарынан папури орындайды.
4. Ойын «Бақыт аукционы»
5. Отбасында «әке, ана, бала» кім? (топтық пікір алмасу)
6. «Отбасы бақыты»модельдеу стратегиясы
Әр топ өз беттерімен отбасы бақыты модельін жасап, қорғайды
«Отбасы бақыты»деген не?
Отбасының қоғамдағы алатын орны қандай?
«Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны»деген сауалнамаларды басшылыққа алып, модельдеу жұмысын жасайды.
7. «Ұлылардың ұлағатты сөздер»/алдарыңдағы ұлылардың ұлағатты пікірлерін құрастыра отырып, бақытты отбасының үйін құрастырып шығару/
8. «Отбасы тірегі - әке, жүрегі - ана, тілегі - бала»жүректен жүрекке/жылы лебіз, ақ тілек/
Басталуы: /Тәрбиеші/1.– Сәлеметсіздер ме, ата - аналар! «Отбасы бақыты» атты бас қосуға қош келдіңіздер! Бүгінгі бас қосудың мақсаты: Отбасындағы ата - ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы өзара қарым - қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасы бақыты түсінігің құндылығын ашу.
Қазақта «шырығың сөнбесін», «ошағыңның оты мәңгі жансын»деген қасиетті сөздер бар. Отбасымыздың оты мәңгілік жанып, жарқырап тұрсын деген мақсатпен шаттық шеңберіне жиналып бір - бірімізбен таныса отырып, қолымыздағы шырақты айналдыра «отбасы» сөзін қосып бір - бірімізге тілегімізді білдірейік/педагог шырақты жағып өзінің атын атай отырып амандасып, отбасы сөзін қоса отырып, тілек білдіріп шырақты келесі адамға береді/
2. Рахмет, келесі кезең бойынша менің қолымдағы бейнелерді таңдап ала отырып өз жұптарыңызды табасыздар /отбасы мүшелері суреттерінің біреуін ата - аналар өздері таңдап алады, сол бойынша «Әке - асқар тау», «Ана - бауырындағы бұлақ», Ббала - жағасындағы құрақ» деп жазылған үстелдерге топ болып отырады/
3. Жақсы өз топтарыңызды таптыңыздар, ендігі кезекте тренингімізді бастамас бұрын мынадай қағидалармен таныс болайық!
Әрдайым есте ұстайық!,
Тақырыптан ауытқымаймыз!,
Белсенділік танытамыз!,
Ойымызды ортаға саламыз!
Уақытқа бағынамыз!,
Бір - бірімізді тыңдаймыз!
4. Осы қағидаларды есімізге сақтай отырып тренингімізді бастайық, өз тобымызда жақсы көңіл - күй орнату үшін «Әң - көңілдің ажары» конфертін ашыңыздар!/жағымда көңіл - күй тудыру, әр топ аттарына байланысты әннің шумақтарынан попури орындайды/
5. Ендігі кезекте ойынға кезек берейік, «Бақыт аукционы» атты ойын. Алдарыңыздағы ақ параққа Бақыт дегенді қалай түсінесіздер сол туралы жазып, қағаздарыңызды жұмарлап бір - біріңізге лақтырасыздар. Әр топ өз алдарыңызға түскен бақыт парақшасын ашып бақыт туралы пікірлерді ортаға саламыз/ата - аналар бақыт туралы айтып шыққан соң педагог слайдтағы бақыт деген өлең арқылы бұл бөлімді қорытындылайды.
«Бақыт» деген жанарында жарыңның
«Бақыт»деген бал - бөбегің - тамырың.
«Бақыт» деген отауыңның шырағы,
«Бақыт» деген қанағаты барыңның.
Бақыт, бақыт отбасыңның төрінде,
Алыстан іздеп шаршамайық, тегінде!
6. Келесі тапсырма әке, ана, бала дегеніміз кім? Олардың өзіндік орны қалай?/Әр топ өз топтарының аты сай пікірлерін қорғайды/
7. Жақсы, айтылған пікірлеріңізге толықтай келісемін, олай болса, әке, ана, бала атты үштіктен «Отбасы»деген жылылық мекені пайда болады екен. Ендеше, осы отбасы бақыты дегеніміз не? Осы ашу мақсатында қазір сіздер «Отбасы бақыты» моделін құрап, қорғап шығасыздар. Алдарыңызда тапсырмаға қажетті заттарыңыз тұр, тапсырманы орындауды бастай берулеріңізге болады./ата - аналар алдарындағы плакатқа «Отбасы бақытының» моделін жасап, тақтаға іліп қорғайды/
8. Жақсы, ендеше осы пікірлеріңізді қорытындылау мақсатында «Ұлылардың ұлағатты сөздері» тапсырмасы арқылы жұмыс жасайсыздар. Яғни, алдарыңызда берілген ұлы адамдардың отбасы туралы пікірлеріндегі ауысқан сөйлемдер мен сөздерді өз орындарына қоя отырып, геометриялық пішін құрастырасыздар. Құрастырған пішіндеріңізді топтық рет бойынша қойып шығасыздар, бірінші әкелер, екінші аналар, үшінші балалар./әкелер, аналар, балалар тобына жеке - жеке геометриялық пішін шығатындай фигуралар бөліктеріне ұлы адамдардың отбасына қатысты құнды пікірлері бөлініп жапсырылады, әр топ сол пікірлердің сөйлемдерін байланыстыра отырып, фигура құрастырады, құрастырған сөйлемдер дұрыс болған жағдайда әкелер тобында үйдің шатыры фунгдамиті, аналар тобында үйдің төрт қабырғасы, балалар тобында шатыры құрастырылады, құрастырған фигураларын алып шығып бір - бірінің үстіне орналастырып, өздері қорытынды жасайды/
Жақсы, енді осыған қарап әр топтан бір - бір адам қорытынды жасаңыздар.
9. Отбасы - ошақ қасы деген қазағымыз, отбасы - киелі шаңырақ, әр отбасы өз шаңырағының түтіні түзу ұшқанын қалайды. Шаңырағымыздағы ошағымыздың оты өшпеу үшін отбасы мүшелерінің бір - біріне деген жылы сөзі, ыстық махаббаты, жарасымдылығы мен сыйласымдылығы берік болу керек, ал бұл қасиеттердің барлығы біздің жұдырықтай жылы жүрегімізде орналасқан, ендеше алдарыңыздағы жүрекшелерге жылы сөздеріңізді жазып, «Бақытты отбасы шаңырағына»тілегіміз қабыл болсын деп орналастырайық./алдын ала жүрекшелер таратылып қойылады, тақтаның алдындағы кигіз үй макетіне өздері жазған отбасы туралы ізгі тілектер, алған әсерлері туралы жүрекшелерге жазып салады/
Қорытынды: Барлық шаңырақта береке, бірлік, бақыт орын алсын деген ізгі ниетпен басқосуымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
Ата-анамен жұмыс "Отбасы бақыты" тренинг
- Баяхметова Жанат Жанахметовна
- 9 қыркүйек 2016
- 9715
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы
Отбасы - ол, Отаным бақ мекені, Хақ тағала қияды ақ некені. Отбасы - бір мемлекет шағын ғана, Одан ұлы елдер де қап кетеді....Ынтымақты отбасы
Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы - отанның бір...Отбасы – рухани тәрбие негізі
Ата – аналар мен балалардың арасында отбасы құндылығы, рухани – адамгершілік қарым – қатынас қасиеттерін кеңейте отырып, жанұяға деген ыстық ықылас,...Өзін-өзі тану тренинг
Қызылорда қаласы, № 211 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Маутаева Жұмакүл Ширекқызы...Ата-ана бақыты балада
Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.