Сайтқа кіру Тіркелу

Ойна да, ойлан!

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогы Танрибергенова Жанат Рахимбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Ойна да, ойлан!»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: бүлдіршіндердің білімін ойын арқылы анықтау жолдары, қарапайым математиканы үйретуде тапқырлыққа баулу, танымдық белсенділікті қалыптастыру.
Тәрбиелік: балаларды жарыс сабағы барысында ынтымақта, бірлікте жұмыс жасауға, бір - бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ерік - жігерлерін дамыту.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, ойын тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сандар тізбегі, дидактикалық ойындар, суреттер.
Нәтижелік болжам: қарапайым математиканы меңгертуде бүлдіршіндердің ақыл - ой өрісі, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, байқаған боларсыңдар біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Атам қазақ сөз басы – сәлем. Сәлем әдептіліктің белгісі дейді.
Педагогтың сәлемдесуі:
Ақ көңілді қонақтар армысыздар
Сағындырып жауатын қармысыздар
Аққу құстың шоғыры секілденіп
Бәріңіз есен - сау бармысыздар.

Балалардың сәлемдесуі:
Сәлем бердік алтын күн, сәлем бердік ашық аспан, сәлем бердік Жер - Ана, сәлем бердік баршаңа.
Сабақтың түрі жарыс сабағы болғандықтан, топты екіге бөлу.
1. Жеңіс тобы.
2. Тапқырлар тобы.
Әр топ өздерін таныстырады.
Жарыс барысында әрбір дұрыс жауап үшін жұлдызшалармен бағаланып отыратындығы айтылып түсіндіріледі.
1 - тапсырма: Ойлан, тап! (Тақтадан оқу)
1 - топтың тапсырмасы:
6 санынан үлкен санды ата;
9 санында неше бірлік бар;
13 санының көршілерін тап;
Геометриялық пішіндерді ата;
2 - топтың тапсырмасы:
9 санынан кіші санды ата;
10 санында неше бірлік бар;
12 санының көршілерін тап;
Қандай пішіндердің бұрышы болады, ал қандай пішіндердің бұрышы болмайды?

2 - тапсырма: Жеміс - жидектерді үлестіруге көмектес.

Бұл тапсырма ауызша орындалады. Жеміс - жидекті көбірек жинаған топ жеңімпаз атанады.
3 - тапсырма: Сандар құрамын анықта.
Сергіту сәті.
4 - тапсырма: Тез есепте.
Тізбек арқылы берілген есептің шешімін табу.

5 - тапсырма: Логикалық есеп.
Педагог есептерді оқу, жылдам жауап берген топ жеңіске жетеді.
1. Үстел үстінде бес жұмыртқа бар. Бір жұмыртқаны ортасынан бөліп қайта қойдық. Үстел үстінде неше жұмыртқа болды?
2. Оң қолымда 1кг алмұрт, сол қолымда 1кг шекілдеуік бар. Не жеңіл?
3. Әжей немерелеріне 2 бас киім, 2 бөкебай, 4 қолғап сатып алды. Әжейдің неше немересі бар?
4. Ағаштың басында 4 торғай отыр еді, 3 торғай ұшып келді. Мысық оларды көріп, ағаш басына өрмелей бастады. Дуалда неше торғай қалды?

Қорытындылау:
- Сонымен, «Ойна да, ойлан!» атты сайыстағы мәреге жеткен топты анықтау. Ол үшін жинаған жұлдызшаларды санау. Жеңіске жеткен топты анықтап, мадақтау. Екі топқа да сыйлықтар тарату.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
10 саны мен цифры

10 саны мен цифры

10 саны таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдық қасиеттерін, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық...
Сыр сандық білімдарларға

Сыр сандық білімдарларға

Қызғылықты математикалық тапсырмаларды дұрыс және жылдам шығаруға баулу. Балалардың білімін ойын арқылы анықтау жолдары, қарапайым математиканы...
16 саны мен цифры

16 саны мен цифры

16 санының құрамымен таныстыру. 0 - ден 16 - ға дейінгі сандарды ауызша, жазбаша тура, кері санап үйрету. Дидактикалық ойындар арқылы ой – өрістерін...
Ойна да, ойлан!

Ойна да, ойлан!

Қайталау – білімнің анасы - демекші, өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді пысықтау мақсатында, бүгінгі сабағымызды «Ойна да, ойлан!» атты...
Кім зейінді? ойын сабағы

Кім зейінді? ойын сабағы

Мақсаты: білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,. Дамытушылық: Балалардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×