Тақырыбы: Еңсесі биік - ұлы Жеңіс!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.
Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі жеңіске арналған мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Жанар: Алақай – ай! Әйгілі!
Тоғызыншы май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының
Аяулым: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Диас: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып
Оралхан: Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн
Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқ пен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Тақпақтар:
Аманжан: Баламын мен бүгінде
Кіп – кішкентай баламын
Ертең мен де өскенде
Ел қорғауға барамын
Ақниет: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын – ер боламын!
Айгүл: Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!
Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
- Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіровт. б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер – азаматтар әруақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың бір туар ұлы ер жүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал – мәтелдер қалдырған.
Батыр: Отанда – опасызға орын жоқ
Айкөркем: Ерлік – бірлікте емес жүректе
Рамазан: Ерлік – тәрбиеден туады
Сезім: Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте көр
Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір – бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.
Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейін.
Сарбиназ: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын
Аяулым: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс – құт!
Жер бетінде тыныштық
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Ант етеміз!
1941 - жыл аралығы кезінен үзінді көрініс. 1945 жыл 9 мамыр жеңіс күн кезінен үзінді музыкалық композиция тәрбиеленушілердің қатысуымен.
Көрініс: Күнделікті ауладағы тұрмыс тіршілік: Осы кезде соғыстың басталғаны туралы радиодан дауыс естіледі.
Қыздар: Манзура, Арина. Бала: Досболат Әйел: Жанар
Радиодағы дауыс:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс, соғыс басталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып шығып кетеді. (таспадан шулаған, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары естіліп тұрады)
Шығарып салушы әйелдер: Айгүл, Аяулым, Инабат
Солдаттар: Диас, Оралхан, Ақниет, Батыр; Рамазан, Аманжан, Досхан, Жангелді
Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді.
1. Ұранмен соғысқа аттану.
Ұран: Отанды біз қорғаймыз
Жаудың алдын ораймыз.
Командир: Отан үшін алға!
Солдаттар: Ура, ура, ура!
Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.
Көрініс: Ортада әйелдер, аналардың соғыс кезіндегі ер адамдардың орындарына жұмыс жасап, жүрген кезден көрінісі көрсетіледі.
Тыңдағы әйелдер: Айгүл, Аяулым, Айкөркем
Трактордағы әйел: Сезім
Ана сөзі: Е, бұл соғыс бірімізді де есеңгіретіп жіберді - ау. Почташы қыз жүгіріп келеді. Почташы қыз: (Манзура) Сүйінші, сүйінші хат келді. Аналар дабырласып хаттың кімге келгенін білуге асығады. Почташы қыз Күләйша апаның баласына келген хатты беріп, басқада ауылға хат апарып беретінін айтып қоштасып кетеді.
Әже: Аяулым. Қыз: Айгүл
Майданнан хат» (үзінді): (Рамазан)
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз - анама
«Жақыным - жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жанама?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдағы жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арым ажаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
«Майданға хат» (үзінді):
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Дәрігер: Жанар. Солдат: Жангелді.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаң қат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамат.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Әлия: Сарбиназ. Мәншүк: Айкөркем
Көрініс: Әлия Молдағұлованың соғыс кезінен үзінді.
Тәрбиеші: Атты бейбіт таң күліп,
Әлия мен Мәншүкті
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Қайсарлық пен өшпес ерлік көрсеткен қазақтың қаһарманы Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпаймыз. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік - жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады.
Әлия мен Мәншүкке тағзым жасау.
Аяулым. Арина, Манзура.
«Катюша» биі.(Аяулым, Инабат, Сезім, Жанар, Айгүл, Айкөркем)
Рахымжан Қошқарбаев: Ақниет
Радиодан соғыстың біткені хабарланады. Радиодағы дыбыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз
елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әуенімен барлығы билеп залдан шығып кетеді.
Тәрбиеші: Жеңіс, жеңіс - желісі дастанымның.
Хабары жеткен жұртқа «Жеңіс» деген.
Шаттық үні шарықтаған ел үстіне.
Сіздерді өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр - қайратының мерекесі Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер - майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерлік - жігер таныта білді.
Тәрбиеші: Талай жанды қиды ажал балтасы.
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.
Ел қорғаған батырлардың арқасы.
Би: «Сарбаздар»(Батыр, Оралхан, Рамазан, Ақниет, Диас, Аманжан)
Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Би: «Жеңіс биі» (Аяулым, Рамазан. Сарбиназ, Диас. Батыр, Сезім. Инабат, Оралхан)
"Мәңгілікалау"
Тәрбиеші: Сұм соғыс қайтіп болмасын
Бәйшешектер солмасын
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын.
Бірлікпен күн кешіп,
Бейбітшілік орнасын.
Мерекеге арналған мерекелі шеру.
Осымен 9 - мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Еңсесі биік ұлы жеңіс» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Сау саламат
болыңыздар.
Тәрбиеші: Ергебек Ж.
Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!
- Ергебек Жазира
- 28 ақпан 2016
- 5960
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еңсесі биік ұлы Жеңіс, 9 мамыр жеңіс күніне арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен...«Жеңіс күнімен, Ардагер!» тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...Жеңіс күніне арналған өлеңдер
Ұлы жеңістің 79 жылдық мерекесі жақын қалды. Осыған орай мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл өлеңдер сол кезде қажет боп қалар деп ойлаймын...Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.