Сайтқа кіру Тіркелу

Көктем аруы - 2015 байқауы

Тақырыбы: «Көктем аруы» байқауы
Мақсаты: Кішкене бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру, көпшілік алдында сөйлеуге баулу, өнерлерін шыңдау, тапқырлыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Әдемі әуен айналып турады
- Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той!
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп!
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Уа жамағат, халайық!
Баршаға жар салайық.
Арулар мен аналарды ортаға шақырып,
Қол соғып қарсы алайық!
2. Арулармен таныстыру
1. Сары балапан секілді,
Бір бүлдіршін келеді,
Күлімдеген көздері
Жанға жылу береді
Көркем, әсем, әдемі
Сұлулықтың әлемі
Шақырамын ортаға
Тлекқабыл Сабинаны.

2. Мың бұралып биімен
Көп алғысқа бөленген.
Көрсетіп жүр өнерін
Үйірмеден үйренген.
Шақырамын ортаға
Серикова Диляраны
3. Анасының күн, айы,
Тілегі бар шынайы.
Келіп тұр бүгін байқауға,
Қошеметпен қарсы алайық
Сердәлі Толғанайды
4. Ақылды қыз білімді,
Меңгерер бар ілімді
Ата - анасы мәз болар
Алады деп тілімді.
Шақырамын ортаға
Бакитова Асемді
5. Қос жанары мөлдіреп
Мақтадай боп үлбіреп
Сыныбымыздың сыртында.
Аэлита тұр елжіреп
6. Бүгін сұлу бүлдіршін
Шын қуанып, шын күлсін
Жеңімпазы байқаудың
Сымбат болар кім білсін
7. Қос бұрымы арқасында өрілген
Көрінсінші бір биіктің төрінен,
Гүлі болып әр кез туған елінің
Жүріп өтсін Ботакөз өз ізімен
8. Алдамасын үміттер,
Жойылсын деп күдіктер
Қарсы алайық, ағайын
Тағыда бір үміткер
Ұзақбай Сайораны
9. Балғын жүзді албырап,
Қанатын жаңа қаққан.
Қарсы алайық Маликаны
Сайысқа дайын тұрған.
10. Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Жұпар болар сайыста
ІІ. Әділқазылар алқасын таныстыру.
ІІІ. Сайыс бағдарламасы.
Құрметті көрермендер енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
1. Мен қазақтың қызымын (өздерін таныстыру )
2. Өнеріңнен айналайын (Өнер сайысы )
3. Кім тапқыр мақал - мәтел, жұмбақ
4. Ойын (музыкамен жіп жинау).
5. Сұлулық сыры ( сән үлгісі )
1. Өнер қуып бүлдіршін өтер деймін,
Бір баста, өнер жетер жеймін
Сайысқа түскен 10 ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
(Бір бірлеп шығып өздерін таныстырады.)
2. Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайысымызда жүлде алуға
Тамаша өнер көрсет, жан салып бір – деп, бүлдіршін арулардың өнерін тамашалайық.
3. Ал, арулар сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Мақал - мәтел, жұмбақтың
Шешуін тапсаңдар жарайсыңдар!
Мақал - мәтел.
1. Бір тал кессең
(Он тал ек.)
2. Атаңнан мал қалғанша
(Тал қалсын!)
3. Әке көрген оқ жонар
(Шеше көрген тон пішер)
4. Ананың сүті - бал
(Баланың тілі – бал)
5. Еңбек етсең ерінбей
(Тояды қарның тіленбей)
6. Анаңа рақым етпесең
(Балаңнан рақым күтпе)
7. Қыз әкесіне жұлдыз
(Шешесіне күн)
8. Анаға бала
(Алтыннан да қымбат)
9. Досы көпті жау алмайды
(Ақылы көпті дау алмайды)
10. Отансыз адам
(Ормансыз бұлбұл)
11. Өнер алды
(Қызыл тіл)
12. Еңбектің наны тәтті
(Жалқаудың жаны тәтті)
1. Шіркіннің өзіне обал - ақ
Жүреді аяқта домалап. (доп)
2. Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
3. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (бор)
4. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
5. Қанша жұтсам семіріп
Сылқия бір тоймаймын. (шаңсорғыш)
6. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Көйлегі көк, қарны тоқ. (жастық)
7. Ерінбей еңбек істеген
Онсыз тамақ ішпеген. (қасық)
8. Кесе - кесе мұқалды
Жона - жона жұқарды. (пышақ)
9. Тыңдап әнін, өлеңін
Үйден кино көремін. (теледидар)
10. Көлігі жоқ көшеді
Өзің кезбе деседі. (бұлт)
11. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап)
12. Қос – қолға киемін,
Жып - жылы жүремін. (қолғап)
4. Ойын. «Кім шапшаң»
Музыка мен жіп жинау.
5. Ер балалар тақпақ айтады.
Бақтығали
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Азамат
Жұмақ - құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл - қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Рашид
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Диас
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Али
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Айдын
Ана - өмір жарығы,
Ана - өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.

Нұрсәт
Анам берген ақылын
Жүрегіммен ұғамын.
Оқу - білім арқылы,
Үлкен өнер қуамын
Айбар
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын, анашым
Сегізінші наурызбен.
Нұралы
Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Қ. Шыңғыс
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Санат
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз.
Сырым
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
К. Шыңғыс
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әр бала,
Анасын ұқсайды.
6. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнерге сәні сай келіп тұрған,
Бүлдіршінге қызығып қарасаңыз.
(Сән үлгісін көрсету)
Ендігі кезекті әділқазылар мүшесіне беріледі.
Осымен бүгінгі «Көктем аруы - 2015» байқауы аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×